КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Қарағанды облысының әкімі Шет ауданындағы шағын және орта бизнестің тіршілік – тынысына көңілі толмады. Сапар барысында аймақ басшысы бірқатар нысандарды аралап, кәсіпкерлікті дамытып, оны жетілдіре түсуді жүктеді

18:13, 14 шілде 2017   93

Аймақтағы өндіріс саласының 2 пайызын Шет ауданы құрайды. Ауданда 11 кәсіпорын болса, алтауы тау кен өндіру кешені, 5-еуі қайта өңдеу мекемелері санатында. Жобалардың санын арттыру мақсатында жаңа жұмыс көздерін табу күн талабына еніп отыр. Ол үшін жеке инвесторлар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың бес айында Шет ауданы 21 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Оның 85 пайызы тау -кен саласына тиесілі. Аудандағы ірі кәсіпорын саналатын «Нова Цинк» ЖШС 2017 жылдың қыркүйегінен бастап жерасты қазба жұмыстарын жүргізуді жандандыра түспек. Қазіргі уақытта Ақжал кентінде тұрғын үйді қалыпқа келтіруге 35 миллион теңге аударылған. 15 шілдеге дейін тағы да 28 миллион теңге берілмек. Кәсіпорын  Ақжал кентінен Ағадырға қатынайтын аралықтағы 120 шақырым жолды жөндеуді көздеп отыр. Ауданда  2380 бизнес субъектісі жұмыс жасап тұрса, оның 70 пайызы ауыл шаруашылығының үлесіне тиесілі.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25