КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

16:54, 20 қараша 2020

Қарағанды облысында карантин кезінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді? Кәсіпкерлер палатасы қандай проблемаларды шешуге көмектеседі? Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды

Өткен жылмен салыстырғанда бизнес, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында белсенділік арта түсті. Ал, сауда, көлік саласы мен сақтандыру қызметі ақсап тұр. Карантин шараларына байланысты бір мыңға жуық ШОБ субъектілерінің қызметі тоқтатылды. Осыған байланысты мемлекет дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдады. Осылайша, жергілікті атқарушы органдарға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алуда төлем тоқтатылды. Банктер несиелер бойынша кейінге қалдыруды ұсынады.

Татьяна АБЛАЕВА, кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

- Екінші деңгейдегі банктер 300-ден астам кәсіпкерге негізгі борыш және пайыздар бойынша кредиттер бойынша 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды. Тұтастай алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының арқасында жыл ішінде корпоративтік және жеке табыс салығы, оңайлатылған декларация бойынша әлеуметтік салық және бірыңғай жер салығы бойынша салықтарды кейінге қалдыру ұсынылды. Бұл кейінге қалдыруды 30 мыңнан астам ШОБ субъектісі 23 миллиард теңге сомасына алды.

Коронавирустық инфекцияның таралуын азайту үшін еліміздің барлық өңірлерінде мобильді топтар құрылды. Біздің облыста 168 мобильді топ жұмыс істейді екен. Олардың құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, СЭС, мемлекеттік қызметкерлер кіреді. Олардың негізгі қызметі қоғамдық орындар мен әлеуметтік объектілерде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау. Мысалы, 5 шілдеден 14 қарашаға дейін 19 жарым мың нысан тексеріліп, жалпы сомасы 50 миллион теңгеге жуық 1200 айыппұл салынған.

Қайрат ШОРМАНБАЕВ, Қарағанды облысының жедел әрекет ету орталығының басшысы:

- Жеке және заңды тұлғалардың санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, мобильді мониторингтік топтар құқық қорғау органдарына немесе СЭС-ке ақпарат жібереді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кейіннен СЭС органдарына жіберу үшін материал жинау бойынша шаралар қабылдайды. Жеке тұлғалар осы жұмыстың нәтижелері бойынша және ішкі істер органдарына берілген материалдар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Карантин жарияланған сәттен бастап Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына 40 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде  кәсіпкерлер палатасы заң бұзушылықтар мен айыппұлдар туралы мәселені қарады. Мысалы, санитайзер болмағаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер жаңа шектеулер туралы алдын-ала хабарлауды сұрайды. Осы ұсыныстардың барлығы оларды қолдаған ведомствоаралық комиссияға жіберілді.

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ,  облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы:

- 2020-шы жылдың наурызынан бастап 50-ден астам шешім қабылданды. Яғни, ережелер апта сайын дерлік өзгерді. Бұл ретте бизнес жаңа өнімдер үшін жауапты екені рас. 3 күн ішінде жаңа шектеулер енгізу туралы хабарлау бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Брифинг соңында қатысушылар кәсіпкерлер мен азаматтарды санитарлық талаптарДЫ МҮЛТІКСІЗ САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ.

ЖАННҰР СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар