КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ

16:43, 9 шілде 2020

Елдегі ахуалға байланысты шағын және орта бизнес өкілдері қиын - қыстау кезеңдерді өткеріп жатқаны жасырын емес. Олардың басым бөлігінің қызметі тұралап, күнделікті нанынан қағылып отыр. Деседе, тығырыққа тірелген жеке іс иелерін қолдау барысы жан - жақты қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде толығырақ бүгін зум конференциясы арқылы өткен арнайы брифингте талқыланды

Қызметіне тұсау болған бизнес өкілдері, жаһанды жаулап алған дерттен бүгінде не істерін білмей дал. Олардың басым бөлігі карантин талаптарына сай жұмысын тоқтатқан. Тығырықтан шығу жолын қарастырғандар қызметін онлайн жүйеге ауыстырды. Қазір: онлайн дүкендер, тамақ тапсырыстары, тіпті онлайн үйірмелер де бар. Төтенше жағдай мен карантин кезеңінде мемлекет барлығын дерлік салықтан босатты. Бұған қоса қомақты несиелері бары ай сайынғы төлемдерін кейінгі шегерді. Уақытша жұмыссыз қалғандар «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы екі қолға бір күрек табуда. Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында тағы 99 жоба қолдауға ие болып, бұл мақсатқа 4,2 млрд теңге жұмсалған. Сондай - ақ, шағын және орта бизнес өкілдерін тиімді несиелеу барысы да жалғасып жатыр.

Татьяна АБЛАЕВА, кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

- Қарағанды облысында осы шаралар шеңберінде бизнес-үдерістерін тұрақтандыру мақсатында 30 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері салықтардан босатылды, Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және жалдау ақысы бойынша мерзімі төлемдерді кейін жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, салықтық жеңілдіктер мен карантиндік шаралардың әрекет ету кезеңіндегі қолдаулар 23,3 миллиард теңгені құрады. Яғни, бұл қаражат кәсіпкерлердің қолында қалды.

Өз ісін өрге дөңгелетемін дегендерді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да қолдап отыр. Жыл сайынғы бизнесмендерді даярлау мектебі енді онлайн жүйеде жалғасын табуда. Осылайша, шалғайдағы аймақ тұрғындары да еш қиындықсыз білімін жетілдіріп, қаржылық сауаттылығын еселеген. 800 жуық облыс тұрғыны "Бастау бизнес" сертификатының иесі атанды.

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы:

- Бағдарламаның ерекшелігі мен артықшылығы неде? Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыздарға олардың бизнес-идеяларын бағалауға толық тегін көмек көрсетіледі. Бизнес-жоспарды талдау мен дайындауға толық көмек көрсетіледі. Бұл ретте тәжірибелі жаттықтырушы үнемі қасынан табылады. Бұдан әрі олар осы сертификатпен Жұмыспен қамту жол картасы және Бизнестің жол картасы бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несие немесе грант ала алады.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан қолдау гранттары да қарастырылып отыр. Ағымдағы жылы бұл сома 600 млн теңгені құрайды. Бүгінге дейін 381 бизнес идея қолдауға ие болды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар