КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС

16:54, 4 тамыз 2020

Балқаш қаласы тұрғындарының үстінен «Мade inBalkhash» деген ерекше үлгідегі киім көрсеңіз таңқалмаңыз. Жас кәсіпкер Мақсат Тақабаев көптен күткен арманын жүзеге асырды.Жақында ғана қала әкімінің грантын ұтып алған кәсіпкер, енді жеке шеберханасын кеңейтпек ниетте

28 жастағы жас кәсіпкер Мақсат Тақабаевтың іскерлігін жерлестері мақтан тұтады.Мақсаттың кішкентайынан сурет салуға икемділігі өміріне үлкен септігін тигізген.Балалық шақтан кез-келген істе ерекше үйлесімдікті құп көрген жас кәсіпкер, киімдерге ерекше дизаин жасағанды ұнатады екен. Бүгінгі күні оның бала арманы кәсібінен нәсіп табуына сеп болуда.

Мақсат ТАҚАБАЕВ,  Балқаш  қаласы әкімі грантының иегері:

 -Бұл біздің кішігірім ерекшелігіміз, яғни адам киімді көрген кезде қай жерден екенінін аңғаруға болады. Мысалы,біз  «Мade inBalkhash» деген жазумен шығарамыз.Бұл бір жағынан елге, туған жерге деген патриоттық сезім деп ойлаймын. Бұдан да басқа сөздерге, суреттерге вышивка жасаймыз. Яғни тапсырыс берушінің талабын басты назарда ұстаймыз.

Мақсатқа мұндай өнер - анасы Гүлнәрдан дарыған екен. Анасының айтуынша, Мақсат бала кезден-ақ «іс тігудің» бар қыр-сырын түсініп,  өскен. Қазір Гүлнәр ханым ұлының шеберханасында барлық тігін жұмыстарын өзі қадағалайды.Оның айтуынша, тігін цехын ашпай тұрып, үйде тапсырыс қабылдауды бастаған екен.

Гүлнәр СЫЗДЫҚОВА,  тігінші:

-Өзім бала кезімнен іс тігетінмін. Тігін тігу анамнан дарыған шығар деп ойлаймын. Ал осыдан  2-3 жыл бұрын басқа жерде жұмыс істеген едім. Сол кезде қыздар маған заказ жасайтын. Менің тіккен көйлек, жейделерім олардың көңілінен шығатын. Оның үстіне  баламның да талпынысын көрген соң,іске кірістік». Міне, енді өз шеберханамыз бар.

Небәрі жарты жыл бұрын ғана ашылған шеберхана жұмысы қазір қызу жүруде. Жас кәсіпкер осы аз уақыт ішінде, 100 – ге тарта  тапсырысты қабылдап, ел ризашылығын алып та үлгерген.  Ал әжеден анаға, анадан балаға дарыған өнер Мақсатты да құр алақан қалдырмады.Жақында ол  2 млн теңге көлеміндегі қала әкімінің грантын жеңіп алды.

Мақсат ТАҚАБАЕВ,  Балқаш қаласы әкімі грантының иегері:

-Бұл өнеркәсіптік тігін машинасы. Ал біздің қолымызда тұрмыстық тігін машинасы бар. Осы вышивкалардың барлығы сол арқылы жасалады. Ал бізде өнеркәсіптік тігін машинасы болса, онда біздің мүмкіндіктеріміз жоғарылайды. Мысалы, біз футболка, толстовкаларға ғана вышивка жасамаймыз, куртка, кожа, аяқ киім, сумкаға да ассортимент көбейеді».

Қала әкімінің грантын ұтуға 8 үміткер өз жобасын ұсынған. Мақсатпен  бірге тағы екі Балқаштық жас кәсіпкер  1 млн және 1 млн 400 мың тг көлемінде грант ұтып алды. Енді жас кәсіпкерлер жартылай фабрикат дайындау мен кофе ішуге арналған шағын дәмхана ашпақ.

Бекқайыр НЫҒМЕТОВ,   қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

-10 млн-ның 4 млн 400 мыңы грантқа бөлініп отыр. Қалған 5 млн 600 мыңды желтоқсан айында ел Тәуелсіздігі күніне арнап ойнататын боламыз. Өтінімдерді қабылдауды қыркүйек немесе қазан айында жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, қала әкімі грантының екінші кезеңінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастар бақ сынай алады.Бұл жолы Балқаш  қаласы жанындағы  Саяқ, Гүлшат кенттерінің жастары да өтініш беруге болады. Ал өтінім қабылдайтын уақытты мамандар өздері хабарлайды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУ ҮСТІНДЕ
16:41, 22 қаңтар 2021
МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУ ҮСТІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НЕЙРО-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
16:26, 19 қаңтар 2021
НЕЙРО-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...