КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

17:02, 16 мамыр 2018

Соңғы жылдары Приозерск қаласында кәсіпкерлік саласында экономикалық белсенділік артқан

Биыл шаһарда Қарағанды облысында баламасы жоқ қондырғылар өндіретін зауыт ашылмақ. Сонымен қатар, Балқаш көлі жағалауында туристік демалыс аймағы пайда болмақ. Приозерск қаласында өнеркәсіп саласында бірегей инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Зауыт ТҮКШ саласында қолданылатын блоктық жылу пунктерін және лай сүзгіш қондырғыларды шығарады. Айта кету керек, мұндай құрылғылардың Қарағанды облысында баламасы жоқ. Жоба құны 50 млн.теңгені құрайды.

Ахан ЖҮСІПОВ, Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Осы жоба жүзеге асқан жағдайда он шақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Енді, бұл, қаламыздың бірінші кезекте экономикалық-әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. 

Қалада туристік саланың дамуында да оң көрсеткіштер бар. Балқаш көлінің жағалауында жаңа демалыс аймағы салынуда. Мұнда қазір 10-нан астам шағын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Туристер үшін алдағы жылдары сервистік қызмет көрсету орындары, қонақ үй де пайда болмақ. Сәйкесінше  ағымдағы жылы 8 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ахан ЖҮСІПОВ, Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – 2018 ж. осы он үйді салу жоспарланып отыр. Жалпы биылғы жылға жоспарланған инвестиция көлемі жеке кәсіпкер есебінен 28 млн. теңгеге жуық. Екінші кезең 2019-2020 жылдар аралығы.

Александр Жақашев осыдан 10 жыл бұрын бизнес саласына келіпті. Өз ісін шағын дүкеннен бастаған кәсіпкер қазір көкжиегін кеңейтіп, Приозерск қаласының орталығында екі қабатты үлкен әмбебап дүкен салып жатыр. Құрылыс жұмыстарына өз есебінен 30 млн.теңге жұмсапты. сауда үйі ашылғанда 25 адамды жұмысқа қабылдамақ.

Александр ЖАҚАШЕВ, жеке кәсіпкер

Екі этаж, бірінші қабатта азық-түлік, екінші этажда смешанный, универсам сияқты. С нуля салдық. Фундаментін бастап өзім қайда шеге қақтық, арматура қойдық бәрін білем. Для себя салдық. Приозерскінің ішінде болсын деп.

Приозерск қаласында үстіміздегі жылы шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 800-ге жеткен. Ал өнеркәсіп саласында 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша өндірілген өнім көлемі 1 900 млн.теңгені құрапты.

Асылбек ТОЙБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар