КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

16:01, 1 маусым 2020

Кәсіпкерлердің кәсібі көбейеді. Ол үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында барлық жағдайлар жасалуда. Мәселен, ағымдағы жылы 43 мың адам өз ісін өрге дөңгелетеді - деп күтілуде. Бизнеске бет бұрған аймақ тұрғындарына дайындық курстары ұйымдастырылып, тиімді шағын несиелер алуға мүмкіндік бар. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында осы мәселелерді көтеріп, жауапты ведомтваға бірқатар міндеттер жүктеді

«Еңбек» бағдарламасы жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Аппараттық мәжілісте жауапты мекемелер аймақ басшысына осылай есеп берді. Шарапатты бастама аясында бірінші кезекте нарықта сұранысы жоғары маман иелерін оқыту жоспарда. Жұмыс беруші тараптан келіп түсетін өтініштер сараланады. Осылайша 580 адам сан – саланың қыр – сырын меңгереді- деп күтілуде. 

Әсем  ЖҮНІСБЕКОВА, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Бағдарламаның үшінші бағыты"халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту"бойынша шамамен 14 мың адам жұмысқа орналастырылды,оның ішінде 9 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жеке ісін сәтті жүргізуге ниетті жандарға да жағдай жасалуда. Бұл ретте тиімді шағын несиелердің үлесі орасан зор. Кәсіптің көл – көсір пайдасына кенелемін деген 128 бизнесмен алғашқы қадамын жасаған. Олар өсім пайызы төмендетілген мемлекеттік қолдауға ие болды. Ауыл – аймақ тұрғындары да бұл көмектен құр алақан емес. Оларға ауылшаруашылық саласын қолдау қорынан  45 азамат қосымша қаржыны иемденді.

Татьяна АБЛАЕВА, кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

 - Жыл басынан бері 336 миллион теңге бөлінді.Жалпы өткен жылдан бері бұл бағытқа тағы 668 миллион теңге көлемінде қаржы құйылды. Осылайша бизнесті дамытуға бағытталған қаражат көлемі 1 миллиард 34 миллион теңгені құрады.

Өз кезегінде өңір басшысы аталмыш бағдарламаға ерекше ден қоюды тапсырды. Жұмыстар жүйелі жүргізіліп, бақылау қатаң болу керек екенін ескертті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

Бұдан бөлек мәжіліс барысында мемлекеттік басқару мәселелері сүзгіден өтіп, жоспарлау жүйесіндегі жаңа тапсырмалар талқыланды. 

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар