КӘСІПКЕР КӨЛІК СЫЙЛАДЫ

13:03, 27 шілде 2020

Шет ауданына қарасты Қызылтау ауылының тумасы, мәрт меценат туған жеріне тосын тарту жасады.Атымтай азамат Әсет Дандыбаев Ақадыр кентіндегі ауруханаға жол талғамайтын темір тұлпарды сыйға тартты.Енді жеңіл көлікпен медицина қызметкерлері шалғайдағы елді мекендерге жедел жетіп, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететін болады

Ақадыр кентіндегі аурухананың құрылымдық бөлім басшысы Есенжол Жазыбаевты көлік мәселесі алты жылдан бері толғандырып жүрген еді.Ақ халатты абзал жанның бұрынғы  қол байлау  кездері енді көрген түстей  артта қалды.Мәрт меценат Әсет Дандыбаев елдің еңсесі еңкіш тартқан кезеңде туған жеріне қол ұшын созды. Ірі бизнесмен Ақадыр кентіндегі ауруханаға нива маркалы автокөлік сыйлады. Көпке көмектесуді мейірімділіктің алғы шарты санайтын кәсіпкерге медицина қызметкерлері алғысын былайша білдірді.

Есенжол ЖАЗЫБАЕВ, Ақадыр кентіндегі аурухананың құрылымдық бөлім басшысы:

-Қызылтау ауылының тумасы,Дандыбаев Әсет азаматқа емхана  ұжымдары атынан,жалпы халық атынан  алғысым шексіз.Отбасына амандық тілеймін.Еңбегі жемісті болып, халқына қызмет жасай беруіне тілектеспін.

Жол талғамайтын көліктің арқасында  ақ желең иелері алыстағы  Ортау,Босаға Қызылтау мен Өспен,Қайрақты және Жұмыскер Киікті, Мойынты ауылдарының халқына сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Діттеген жердегі науқастарға дер уақытында жетуге мүмкіндік береді. Шалғайдағы басы ауырып, балтыры сыздаған ағайынға дәрі –дермек апарады.Ал белді бизнесмен сындарлы сәтте халыққ қолдау көрсетуді перзенттік парызының бір паразы - деп қарайды.Өйткені жомарт жан кең болсаң, кем болмайсың деген қанатты сөзді қаперінде қазық етіп ұстанатынын айтады.  

Әсет ДАНДЫБАЕВ, «ARCI METTAL»ЖШС Бас директоры:

-Дүниежүзін жаулаған коронавирус ауруы  бүкіл әлемге  зардабын тигізіп жатыр.Қазақ халқына да  бұл ауру  өзіндік кесірін тигізді.Осы уақыт аралығында әр азамат жауапкершілікпен қарап,жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей қолынан келген көмекті жасау керек деп есептеймін.Бұл әр азаматтың борышы деп ойлаймын.

Шет ауданында қайырымдылық істер  жұрт пен жамағат тарапынан  жиі жалғасын табуда.Ақадыр кентінің тұрғындары қоғамдық қор арқылы  жиналған қаражатқа пациенттерге 3 оттегі аппараттарын сатып алып,жеткізіп бермек.Бұдан бөлек Ортау мен Өспен ауылының халқы медициналық мекемелерге етпен қымыз таратқан.

Жанбота РАХМЕТУЛЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар