Кәсіп түбі-нәсіп

17:29, 12 ақпан 2019

Бұқар жырау ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы өз жемісін беруде

Өткен жылы бағдарлама аясында 130 адамға өз жеке  ісін ашу үшін 546,1 миллион теңге несие берілген.Тақырыпты тілшіміз Сейітқали Әшім толықтырады           

Өз ісін ашып шаруасын шалқытқандардың бірі - Ботақара кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Елена Каргаполова. Ол шаруасын алға бастыру мақсатында 7 миллион теңге қаражат жұмсап, шағын дүкен ашқан. Оның  4 миллионын банктен 5 жылға алты пайыздық үстемемен рәсімдеген. Бұл жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүзеге асқан шаруалар. Кәсіп иесі қазір үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Елена КАРГАПОЛОВА,  жеке кәсіпкер

-Бағадарлама бойынша несие алдым.Қаржының біраз бөлігіне дүкенге қажетті құрылғылар мен тауар сатып алдым.Жұмыс істеудеміз.Сауда саласында жүргеніме 28 жыл болды.Отандық тауарларды атап айтсақ, шұжық тәтті нандар сатамыз.Сондай-ақ, жергілікті наубайхананың нан өнімдерін жұма сайын әлеуметтік аз қамтылған топтарға үлестіріп береміз  

Жалпы аумағы  120 шаршы метрді алып жатқан шағын дүкенде қажет заттардың барлығы бар. Азық-түлік өнімдерінің бірнеше түрі дүкен сөрелерінде самсап тұр. Сондай-ақ,мұнда  жұма сайын аз қамтылған отбасылары  мен көп балалы  аналарды  және ардагерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында тегін нан таратылады екен. Тұрақты тұтынушылар қатары да қалыптасқан.

Лаура РАХМЕТОВА, Ботақара кентінің тұрғыны

-Мен осы дүкеннің тұрақты тұтынушыларының бірімін.Сапалы азық-түлік өнімдеріне қол жеткізудеміз.Өнімнің ассортименті бай.Бағасы қолжетімді. Осы көше тұрғындары үшін жақсы болды.Алысқа сабылмаймыз.

Қазірде Бұқар жырау ауданы бойынша 6 дүкен ашылып, пайдалануға берілген.Бұл жұмыс одан әрі жалғасын таба береді дейді, жергілікті билік өкілдері

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар