КӘСІКПЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ

13:32, 16 сәуір 2019

Шет ауданында тек өткен жылдың өзінде өз ісін дамытып, кәсіп ашам дегендер 1 млрд, 600 млн теңге несие алып үлгерген. Нәтижесінде аудан орталығында жаңа балабақша, сауда үйлері ашылып ел иглігін көріп келеді. Тіпті ебін тапқандар «мемлекеттік жекеменшік әріптестік» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, нәсібін көріп отыр

Шет ауданынында «мемлекеттік жекеменшік әріптестік» бағдарламасы бойынша бой көтерген мына балабақша қыркүйектен бері қызмет етіп келеді. Бүгінде бал-бөбектен бастап, ересек топтарға дейін 40 бала тәрбиленіп отыр.  Ата-ана ыңғайлығы үшін тіпті арнайы автобус бөлінген. Ол балаларды өзі жинап алып кетіп, қайта әкеліп тастайды. Нәтижесінде ата-ана алаңсыз жұмыс істеуіне болады.

Айдана ТӘЖЕНОВА, «Қазығұрт» балабақшасының меңгерушісі:

-Балабақшада 40 бала бар, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына тегін. Негізгі ақы 5 мың, басқа балабақшамен салыстырғанда төмен.

Ал, бұл ауданда биыл бой көтерген «Бақыт» сауда үйі. Қос қабатты дүкеннің бірінші қабаты азық-түлікке арналса, екінші қабатында дәріхана мен шаруашылық тауарлар қойылған. Отбасылық сауданы ІТ маманы Мұрат Қасым дөңгелетіп отыр. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша нар тәуекел деп несие алған ол, ісі сәтті жүргенін айтады.

Мұрат ҚАСЫМ, кәсіпкер:

-Несие алдым 10 жылға. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша. 20 млн теңге алғам. Қазір жүріп жатыр, дамытамыз деп ойлаймын.

Жалпы Шет ауданы бойынша өткен жылғы алынған несие көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда  520 млн теңге ге көп. Жұртшылық кәсіпті игеруге ынталанып келеді. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан халқының әлуеті жақсара түскен.

 Мақсат ЖУМКИН, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

-БЖК - 2020 бағдарламасы бойынша бізде 2011-2016- шы жылдары бізде. 235 млн теңге құрайтын 7 жоба іске асты. 92 жұмыс орыны ашылды. Ақой,Бұрма ауылында 2 СПК инфрақұрылым тарту бойынша қолдау тапты.

Аталмыш ауданның кәсіпкерлік саласындағы тыныс-тіршгілігімен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жете танысты., Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ҚОФ төрағасы және  аймақтық кәсіпкерлік басқармасының басшысы да осында болып, жергілікті кәсіп ашамын деген жұрттың сауалдарына жауап беріп, жаңа бағдарламалар мен гранттар алу жәйін түсіндірді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар