КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

12:25, 20 мамыр 2020

Ұлт ұясы -Ұлытау төріндегі Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің құрылысы қарқын алды.Бұл туралы аталған ауданның әкімі Берік Әбдіғали мәлімдеді

Рухани жаңғырудың жарқын көрінісі саналған игі іс - мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  жүзеге асырылуда. Ал  Жошының ұрпақтарына, Ұлық Ұлыс, Алтынорда, Қазақ хандығына арналған экспозициялық зал және шағын асхана мен қонақ үй салу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Алаша хан, Жошы хан мазарларына реставрация жұмыстары жүргізіліп, арнайы жол құрылысы қолға алынбақ. Таңбалы тарихтың тылсым астарынан сыр шертетін мәдени -кешен  күз мезгілінде туристерге есігін айқара ашады деп күтілуде.Жалпы жоспарлы жұмысқа Үкімет пен демеушілер зор қолдау көрсеткенін айтады, аудан басшысы.

Берік ӘБДІҒАЛИ, Ұлытау ауданының әкімі:

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар