КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

17:50, 16 мамыр 2018

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын қолдау» мақсатында облысымыздың барлық қала, аудандарына бүгін «Жастар-жастарға» атты мәдени ақпараттық-насихаттау керуені жол тартты

Жыл соңына дейін керуен аймағымыздың түкпір-түкпірін аралап шығады. Салтанатты шарадан соң облыс басшылығы «GOOD ZONE» коворкинг орталығымен де танысты. «Жастар-жастарға» мәдени ақпараттық-насихаттау керуенін шығарып салу үшін облыс басшылығы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қала тұрғындары жиналды. Ақпараттық топтың құрамына басқармалар мен департаменттердің, даму институттарының өкілдері мен жастар енді.  Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров керуеннің жұмысына сәттілік тіледі.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Бүгін міне жыл сайынғы «Жастар-жастарға» керуені жолға шыққалы тұр. Басты мақсаты Елбасының жаңа бес бастамасын талқылау, жастар арасында түсіндіру.

Мәдени ақпараттық-насихаттау  керуені Абай ауданы мен Теміртау қаласына жолға шықты. Оның құрамында әртүрлі саладан отызға жуық маман бар. Олардың басты міндеті- ауыл мен аудан жастарына қолжетімді баспана, кәсіпкерлікті дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіру.

Гүлнәр ДАБЫЛОВА,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі» облыстық  АҚ директоры

Алдымызда мемлекеттік бағдарламалар бойынша региондарда 2000-нан аса үй салынады. Соны жастар білу керек. Сондықтан, біз 4 қалада саламыз.

Ал бұдан кейін, облыс әкімінің орынбасары жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «GOOD ZONE» коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Орталық наурыз айынан жұмысын бастаған. Алмас Айдаров облыс әкімі Ерлан Қошановтың атынан жастарға музыкалық аспаптарды сыйға тартты.

Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры

Былтырғы жылмен салыстырғанда жылу жүйелері биыл өте жақсы жұмыс істеді. Қиын жағдайлар болған жоқ.

Игі жоба «Рухани жаңғыру» шеңберінде ұйымдастырылуда. Сәтін салса, жыл соңына дейін ақпараттық-насихаттау керуені облысымыздың 9 қаласы мен 9 ауданын аралап шығады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар