КЕРЕМЕТКЕ ТОЛЫ КӨРМЕ

17:40, 8 тамыз 2017

Халықаралық Астана ЭКСПО-2017 көрмесін осы уақытқа дейін екі миллионнан астам адам тамашалап үлгерді. Туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шарада жаңа технологиялар мен озық бастамалар жетерлік

Кариб теңізінде болмаған болсаңыз барлық қызықты Экспо көрмесінің арнайы павилондарынан тамашалай аласыз. Әсерлі, әрі озық үлгідегі жобалармен танысасыз. Осындағы арнайы алаң - Кариб мәдениетінен сыр шертетін туындыларға толы.  

Джуил КРОУФОРД  Белиз елінің өкілі (Кариб бұғазы)

Біз Қазақстан елінің осындай жетістікке жеткеніне талай мәрте куә болдық. Енді міне қаншама елдің басын қосып отыр. Әрине, ғалымдар, мықты мықты ойшылдар үшін өз еңбегінің жемісін көріп, жұлдызн жағатын мүмкіндік экспо алаңы екені сөзсіз. Барлық жағдай жасалғаны қуантады.

«Экспо» қалашығын «Ақылды қала» деп атамасқа амал жоқ. Мұнда энергия саласына қатысты түрлі тың жобалар төрге қойылған.

Мария НИКОЛАЕВА ерікті (Ресей)

Ресей жерінің көптеген бастамаларын ұсынамыз. Бұл энергия жинау топтамасына тікелей байланысты. Энергия ресурстарын жандандыру жаңа ғасырда өте маңызды. Ерікті ретінде мен өз таңданысымды жасырмас едім.

Көрме алаңынан небір таңғажайып туындыларды кездестіруге болады. «Ақылды энергия желісі», «Ақылды ғимарат», «Ақылды жарықтандыру» секілді заманауи бастамалар бар. Көрме аяқталған соң арнайы жобалар Астана қаласының балансына өтпек. Кешеннің көпті таңқалдырған электр үнемдегіш жабдықтары өзгелерге де үлгі болары сөзсіз. Бұл даму жолына бетбұрған еліміз үшін маңызды бағыттардың бірі.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ    

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...