КЕНШІЛЕР КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

16:26, 2 шілде 2020

Қарағандының «Шахтер» футбол клубы ұзақ үзілістен кейінгі бірінші матчта жеңіске жетті.Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының 3-ші турының тартысқа толы кездесуінде «Ордабасын» командасы ұтып, олжалы оралды

Бұл күні трибуна тыныштық күйге енді.Атың өшкір аурудан! Ал ел чемпионатын тек көруге рұқсат берілді.Бірақ көрерменсіз.Алаңда төрешінің ысқырығы естілісімен Шымкенттің  оғыландары бірден шабуылды үдете түсті. Алайда ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған қарағандылықтар, сауатты ойын өрнегін көрсетті. Кеншілер командасының қақпашысы Давид Юрченко, алаң иелеріне гол соғуға ешбір мүмкіндік бермеді. Ал кездесудің   63 минутында Жереми Манзорро «Ордабасының» қақпасына гол соқты.

Ойынның соңғы сәтіне дейін «Шахтер» қарсыластарын қақпа маңына маңайатпады.Үшінші турдан кейін осылайша кеншілер клубы екі жеңіс және бір жеңіліспен турнирлік кестенің төртінші орнына жайғасты.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар