АУЫЛДАРҒА КЕҢЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ТАРТЫЛАДЫ

17:11, 13 маусым 2018

2020 жылға дейін шалғайда орналасқан елді-мекендердің барлығында кең жолақты интернет желісі іске қосылады. Облыс әкімі Ерлан Қошановпен арнайы кездесуде «Қазақтелеком» компаниясының өкілдері цифрлық технологиялардың қалай дамып жатқанын баяндап берді

Барлық аймақтың тұрғындарына бүкіләлемдік желіні қолжетімді ету. Бұл «Қазақтелеком» компаниясының алға қойған мақсаты. Осылайша, олар 2-3 жылдың ішінде шалғайдағы аудандарды кең жолақты интернетпен қамтуды жоспарлап отыр. Алдымен білім беру мекемелері мен емханалар интернет желісіне қосылады. Бұл туралы аймақ басшысына бүгінгі кездесуде толығырақ айтып берді.

Андрей МАРТЫНЮК,  «Қазақтелеком» орталық аймақтық байланыс дирекциясының өкілі:

- Баға жағынан ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ, біздің қызмет көрсетуші компания екенімізді ұмытпаңыздар. Мәселен, қандай да бір қызметтер өзгерсе, әрине, ол бізге де қатысты болады. Жалпы, халық тіпті шалғайда тұрсада интернеттен қол үзбесін деп бұл жоспарды қарастырып жатырмыз.

Бүгінгі күні Қарағанды облысында интернет желісінің қамту аймағы 89% пайызды құрайды. Қазір тек Ақтоғай ауданы ғана интернет желісімен толық қамтамасыз етілмеген. Алайда, бұл мәселе жақын арада өз шешімін таппақ. Бұдан бөлек, кейбір аудандарда деректерді беру жылдамдығы секундына 256 килобиттен аспайды екен. Бұл дегеніңіз, өте төмен көрсеткіш, - дейді мамандар. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қарағанды қаласына қарасты қашықтағы аудандар мен Балқаш қаласының тұрғындары кең жолақты интернет желісін пайдаланатын болады. Ал, 2019 жылға қарай Саран, Шахтинск, Теміртау, Жезқазған қалаларында аталған мәселе шешімін табады.

Ерлан ҚОШАНОВ,  Қарағанды облысының әкімі:

- Алмас Айдарович, Жанат Маратович міне цифрлауды жасадық. Енді, жұмысты ширатыңыздар. Егер де олар инвестиция жасаса, бізде олардың мүдделерін ескеруіміз керек. Компанияда пайда көру керек.

Кездесуде халықты интернетпен қамтудан бөлек, «Қазақтелеком» компаниясының Smart city жобасына қосқан үлесі талқыланды. Олар жыл басынан бері бірқатар подъездердің алдына 204 бейнебақылау камераларын орнатқан. Ал, жылдың соңына дейін 899 камераға дейін жеткіземіз деп отыр. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов бейнебақылауларды моноқалаларға қоюды ұсынды. Облыс әкімінің айтуынша, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыстарды анықтауға оң ықпалын тигізу керек.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар