КЕМІРГІШТЕРМЕН КҮРЕС

15:16, 10 сәуір 2019

Қарағандыда кеміргіштер мен күрес күшейді.Қазір мамандар оларды улау жұмыстарына кірісіп кетті.Зертхана мамандарықаламыздың тұрғын-үй жертөрелеріне арнайы сұйық дәрілер қосындыларын жіберіп,тышқандарды улай бастады.Қазыбек би ауданы бойынша 200-ге жуық зәулім үйлерге осындай жұмыстар жүргізілген

Крылов көшесінің 22 үйі, тұрғын-үй коперативі иелерінің жоқтығынан қараусыз қалған.Мамандар осындай иесіз қалған баспаналардың жертөрелеріне  санитарлық дәрілеу жұмыстарын жүргізеді.Зәулім үйдің  асты кебу болғанымен әртүрлі қоқысқа толы. Тұрмыстық техника қорапшалары ыдыс аяқ пен шыны бәнеклерден аяқ алып, жүргісіз.Осындай «жертөлелерде» егеуқұйрықтар  көп кезігеді,- дейді мамандар

 Нұрлан ӨТЕСБАЕВ, «Сан Лаб» ЖШС-нің жетекшісі:

-Лас және ылғалды жертөлелерде мәселелер бар.Тұрғындар өздері ластау арқылы, егеуқұйрықтардың кіруіне жол ашады.Дегенмен, қала бойынша оның саны онша, көп емес

Кеміргіштерді көктемгі улау жұмыстары сәуір айында басталғанды. Олармен күресті күшейту үшін,мамандар тағам қоспаларын пайдалануда.Тышқандар осымен  қоректенгеннен кейін 5 немесе 7-ші тәулікте жаппай қырылады екен.Препараттың тиімділігі сол,жыл сайын 100пайыздық нәтижені байқауға болады,-дейді, сала мамандары

Ербол НҮКІШ, жоспарлау және абаттандыру бөлімінің жетекшісі:

-Жалпы дәріленген аумақтың көлемі 337 мың шаршы метрді құрайды.Әсіресе бұл, тұрғын-үй коперативі жоқ баспаналар.Осындай жұмыс 2015 жылдан бері жүргізіліп, келеді.

Қарағандыда кеміргіштерге қарсы күрес жұмыстары  көктемде басталып,  күз айларында қайра жалғасады.Мамандар айтуына қарағанда, осы маусымдарда кеміргіштер жиі кездесетін көрінеді

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар