КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

17:32, 29 қараша 2019

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, шаһарымызда «Кемеңгерліктің дара жолындағы Ұлы тұлға» деген атаумен облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті. Оған қаланың құрметті азаматтары, ардагерлер мен діни және этно мәдени орталықтардың өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты

Қаламыздағы «Достық үйінде» өткен жиында Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, босағасын бекітіп, әлемге әйгілі етуде Елбасының сіңірген зор еңбегі айтылды. Сондай-ақ, айтулы күнмен аймақ басшысы барша қарағандылықтарды құттықттап, жүрек жарды тілегін білдірді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ата-бабамыз бізге бірліктің, ынтымақтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихтың ең ғибратты тағылымы да міне осында тдеп есептеймін. Елбасымыз да: «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі»,-дейді. Бірлік пен ымырлы ынтымақ, біздің басты байлығымыз, баға жетпес қазынамыз. Біз осыны сақтай білуіміз керек. Олай болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Сонымен қатар шарада  жастардың атынан түрі басқа, тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, қазақтың сары баласы Евгений Янке сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Ол Елбасының кемеңгерлік жолында бір шаңырақ астына жиналған жүздеген ұлт пен ұлыстарды - татулық пен бірлікке, бейбітшілік пен тұрақтылыққа және жастарды еліміздің болашағы үшін аянбай тер төгуге шақырды.

Евгений ЯНКЕ, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі:

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтып кеткен болатын: «Кезінде тағдырдың жазуымен Қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Қазіргі осы олардың тегі басқа болғанымен, теңдңгң бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, аманы артық біртұтас халыққа айналған еді.» Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда тұрып, қазақтың ауасымен еркін тыныс алғаным үшін, Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде ойымды еркін жеткізе алғаным үшін, отбасындағы бірлік пен береке үшін соған шүкіршілік етемін.

Айта кету керек, сессияға Елбасының замандастары да қатысып, Тұңғыш Президент жайында естеліктерімен бөлісті.

Қуаныш ОМАШЕВ, Елбасының еңбектес замандасы:

-Украинадан Теміртауға келгенде, украин әндерін үйреткен болатын. Мысалы, «На долине туман», сонан кейін «Ты ж меня підманула». 1962 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Хелсингке фестивальге делегат болып барған кезде, әннің түр-түрін үйреніп, бізге де айтып беретін. Ән айтқанды керемет ұнататын. Тіпті, іртүрлі ұлт өкілдерінің халық әндерін жатқа айтып жүретін кездері болды. Соған өзім куә болдым.

Жиын соңында этно - мәдени орталықтардың жетекшілеріне қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтқаны үшін облыс әкімінің арнайы сыйлығы табысталды.

ЗАРИНА САФАРОВА, «Ахыска» түрік мәдени бірлестігінің мүшесі:

-Қазақ тілі мен түрік тілі өте ұқсас. Біздің тегіміз бәрі түрік ұлтынан кетеді ғой. Отандастардың барлығын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ, тілші:

- «Кемеңгерліктің дара жолындағы Ұлы тұлға» деп аталатын Қазақстан Халқы Ассамблеясының 22 сессиясында келер жылы жоғары деңгейде аталып өтілетін айтулы даталар белгілі болды. Ол Ұлы Абайдың 175-жылдығы, Ата Заңымыз бен Ассамблеяның 25-жылдығы. Осындай іс-шаралардың басы-қасында білікті жастар мен ұлттық бірлікті нығайтып жүрген азаматтар ат салысу керектігін облыс әкімі Жеңісбек Қасымбек тілге тиек етті.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар