КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

17:55, 5 наурыз 2019

Қарағандыда қоғамдық кеңестің екінші құрамы алғашқы отырысын өткізді. Келелі кездесуде бір қатар мәселелер көпшіліктің талқысына түсті

Қоғамдық кеңестің екінші құрамы 28-ші ақпан күні белгіленген болатын. Оған Ерқара Аймағанбетов төрағалық етеді. Бұл белсенділер тобына 39 адам еніп отыр. Жас ерекшелігі 18 бен 60 жас аралығын қамтиды. Жаңа құрамға алғашқы кеңестен де бірнеше маман шақырту алды. Қоғамдық кеңес үш жыл ішінде тәжірибе жинақтап, бір қатар бағытта белсенділік танытқан еді. Әсіресе білім беру саласында. Олар көтерген мәселелер азаматтық форумда және Парламент мәжілісінде қарастырылды.    

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ,  облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

-Үкімет тарапынан халықтың әл ауқатын жақсартуға бір қатар жағдай жасалуда. Алайда ол сапалы ма? деген заңды сауал бар. Жұртшылық көрсетілген қызметке көңілдері толуы тиіс. Сол себепті осы жағын бақылауға алып мониторинг жариялау керек. Бюджеттік бағдарламалардың бағдарламалардың барлығын қарастыру керек.  

Кеңесте төрт комиссия жұмыс жасайды. Үш жыл ішінде қоғам белсенділері құқықтық нормативті актілер негізінде 400-ден астам жобаларды қарастырды. 30 дан астам мемлекеттік мекеме басшыларының есептеріде қоғамдық кеңестің назарынан тыс қалмады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар