КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

17:33, 7 қазан 2019

Отбасы табысын жасырып, мемлекеттен қолдау алғандар енді сол қаржыны қайтаратын болады. Мұны ҚР вице – премьер министрі Бердібек Сапарбаев Қарағанды қаласында өткен қоғамдық кездесуде мәлімдеді. Жиналыста атаулы әлеуметтік көмек, міндетті медициналық сақтандыру және талантты жастарды қолдау мәселелері де қаралды. Халық тарапынан жолданған сан салалы сауалдар да жауапсыз қалмады

Мұқтаждықты масылдықтан ажырата білу керек. Бұл премьер – министр орынбасарының пайымдауы. Ол қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмекті алдау арқылы қол жеткізіп отырғандар бар екенін айтты. Отбасы табысын жасырғандар бүгінде мемлекеттен алған қолдауды  қайтарып жатыр. Мұндай шаралардың орын алуы заңды – дейді Бердібек Сапарбаев.    

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Егер төленген атаулы әлеуметтік көмек заңға қайшы болатын болса, онда ол қайтарылуы керек. Өкінішке орай көбісі алдап, отбасы табысын өтірік көрсеткен. Мемлекетті алдап, заңды бұзса, қайтару керек.

Бүгінде  ел бюджетінің 45 %-ы әлеуметтік салаға бағытталған. Мәселен, 2 милиионнан аса қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекке ие, ал 500 мыңға жуығының тұтынушылық несиелері кешірілді. Бұдан бөлек алдағы уақытта дарынды жастарды қолдау жұмысы да еселенбек. Еліміз бойынша  28 мың талантты бала бар. Олардың білімі мен дарынын дамытуда енді әр облыста орталықтар ашылмақшы.

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Біз қазіргі таңда тұңғыш президенттің қорымен бірге " Ел үміті" деген жобаны дайындап жатырмыз. Оның мақсаты, Қазақстандағы кем дегенде мың дарынды баланы тауып, қолдау көрсету.

Алқалы жиын барысында білім беру және денсаулық сақтау салалары да назарсыз қалмады. Халық тарапынан келген сұрақтарға министрлер өз жауаптарын берді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Бұл заң жобасы педагогтардың бәріне қатысты. Президент тамыз конференциясында айтылған екі мәселелер бойынша қамтылған. Тапсырма бар. Сондықтан, заң жобасы аясында тиісті нормалар қарастырылуда.

Облыста  1 қыркүйектен іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пилоттық жобасы қортындыланды. Бердібек Сапарбаев бұл тұрғыда бірнеше ескертулер айтты.  Әрі кемшіліктер жыл басына дейін түзетілуі  тиіс деп  тапсырды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар