КЕЛЕЛІ КЕЛІСІМ

15:33, 8 ақпан 2019

Келелі келісім бекіді. Академик Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, облыстық архив және өлкетану музейімен мемарандум жасасты. Құжат білімді жетілдіріп, біліктітілкті арттыруға жаңа серпін береді – деп күтіліп отыр.

Келісім шарттың басты мақсаты біреу. Ол - Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай, жоспарларды жүзеге асырудың тетіктерін қарастыру. Сондай-ақ облыстағы тарихи қазбалар төңірегіндегі жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру болып табылады.

Азамат  ЕДРИСОВ,  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры:

– Бұл ұйымдар арасында жұмыстар баяғыдан бері жүргізіліп келеді. Бірлескен жұмыс арқасында Қарағанды қаласы мен облысқа арналған бірнеше кітапта шығардық. Онан өзге осы ұйым біздің студенттер тәжірибеден өтетін бірден-бір ұйым болып есептеледі.Ал, мамандары студенттерімізге лекция оқиды. Енді жұмыс жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.

Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүреді. Соның бірі Президент ұсынған бағдарламалар аясында ғылыми-конференциялар ұйымдастыру. Алда Қарағанды облысының тарихи құндылығын насихаттайтын бірлескен жобаларда жүзеге асырылады.

Жаңагүл ТҰРСЫНОВА,  Қарағанды облысы  мемлекеттік архивінің басшысы:

 -Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Ел тарихын білу үшін ғаламдық архивтерге жол табуымыз керек. Бірқалыпқа келттіру керек. Себебі қазіргі жастар Қазақстан тарихын жақсы білуі қажет.  

Сонымен қатар отырыс соңында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да таныстырылды. Тек, соңғы уақытта оқу орыны мамандары 800-ге тарта мақала жариялап үлгерген көрінеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар