КЕЛБЕТІ КЕЛІСЕТІН КЕШЕН

10:46, 20 қараша 2020

Енді Жезқазған қаласында халықаралық дәрежедегі дүбірлі додалар өткізуге мүмкіндік бар. Себебі қазір 320 орынға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Яғни, бұрын үлкен спартакиадалар мен жарыстарды өткізетін шаһарда мұндай жеке нысан болмаған

Жобаға құйылған 1 млрд 900 млн теңге қаржы республикалық қазынадан. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының тың бастамасы. Әр спорттық нысанның үйірмелер мен жарыстар өткізуге қолайлы болу жағы құрылыс барысында назарға алынған.

Сергей ТИМОШИН, бас инженер:

-Қазір электр желілерін салу жұмысы аяқталды. Қазір жылу құбырлары тартылып жатыр. Жауапты «Орион ЛТД» мердігер компаниясы. Бізбен бұл салада 15 жыл жұмыс жасап келеді. Сондықтан сапасына сын болмайды.

Құрылысқа 40-қа жуық адам жұмылдырылған. Қалалық жұмыспен қамту орталығы карантин кезінде тұрақты табысынан айырылған тұрғындарды еңбекке тартқан.

Мәселен 54 жастағы  Сайра Беймұратова құрылыс асханасында еңбек етеді. 6 ай жұмыссыз жүріп, мамыр айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша аспазшы болып орналасты. Күніне үш мезгіл тамақ даярлап, жұмысшыларды нәр болатын тағамдармен ауқаттандырады екен.

Сайра БЕЙМҰРАТОВА, аспазшы:

-Ер адамдар болғандықтан тырысамыз тамақты жақсы дайындауға. Жалақымыз уақытында түсіп тұрады. Кешіктірмейді. Жұмыс кестесі көңілімнен шығады. Бос отырғаннан гөрі осындай жұмыс тамаша ғой.

Жезқазған қаласында 24 700 адам салауатты өмір салтын ұстанады. Яғни, енді кешенде волейболшылар, баскетболшылар, боксшылар, футболистер мен боз кілемшілер жаттыға алады. Спорттың бұл түрлеріне қала  жастары құмар. Сондықтан да олар жаңа нысанның ашылуын асыға күтуде.

Дидар МҮТӘЛӘПОВ, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы:

-Бұрын біз спорт сарайында сол кешенде жарыстарды өткіздік. Ал, халықаралық деңгейде жарыс өткізе алмайтынбыз. Себебі стандартқа сай келмеді. Ал, жаңадан салынып жатқан спорт кешенінде барлық мүмкіндік болады.

Мамыр айында құрылысы  басталған нысан келесі жылы қолданысқа беріледі. Бұл жаңалықтың тағы бір жетістігі 70 жаңа жұмыс орны ашылады. Ғимарат бір дегенде 12 00 адамды жаттығу залында қабылдауға қауқарлы.  Әрі спорт кешені қазіргі заманғы арнайы құралдармен жарақтандырылады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар