КЕДЕРГІСІЗ ОРТА - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

16:30, 12 ақпан 2020

Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлерді қабылдау кезінде еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық жағдай жасап,оларды тұрақты жұмысқа тарту керектігін баса айтқан болатын.Өйткені кедергісіз орта –келешек кепілі.Ал Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының бөлімдерінде бүгінде 67 мүмкіндігі шектеулі қызметкер жұмыс істейді.Солардың бірі Саран қаласының тұрғыны Айдын Шыңғыс

Айдын Шыңғыс бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан.Аттай шауып жүрген азамат жол апаты салдарынан  екі бірдей аяғынан айрылады. Бірақ төзімі темір ,қайраты қылыштай жігіт, тағдырдың басқа салған сынағына сынбады.Қайта өмірмен күрескер болу керектігін ұғынып,   жұдырықтай жүрегінен жасымас жігер тапты.Төрт айдан бері ол Саран қаласындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінде маман болып жұмыс істейді.

Айдын ШЫҢҒЫС, ХҚК бөлімінің   маманы:

-2019 жылды  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жастар жылы деп жариялады. Бұл маған жаңа мүмкіндіктер берді. Мен тек халық игілігі үшін қызмет атқарғым  келді. Сондықтан "Азаматтарға арналған үкіметке"жүгіндім. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарды тестілеуден өткізбей қабылдайды. Сөйтіп өзім шахардағы  бөлімге құжаттарымды тапсыруға бірден бел байладым.

Ал жұмысқа орналасар алдында Айдын Саран қаласындағы "Азаматтарға арналған Үкімет" бөлімінің жетекшісі Әсем Игілікованы кездестірген.Артынша ол рухы асқақ жанның құжаттарын корпорация филиалының директорына жіберген.Біршама уақыт өткеннен кейін жас жігітке олардан оң жауапта келген көрінеді.Сөйтіп талапты азамат қызметке орналасты.Мүмкіндігі шектеулі азамат мұндағы әріптестерімен бірдей еңбекақы алады.

Әсем ИГІЛІКОВА, ХҚК бөлімінің жетекшісі:

-Қазіргі таңда  облыста  "Азаматтарға арналған үкімет" филиалында 67 мүмкіндігі шектеулі қызметкер жұмыс жасайды.

Пайыз бойынша 4,8% құрайды.Солардың бірі біздің бөлімнің маманы Айдын Шыңғыс. Ол өте адал азамат.

Айдын әр іске мұқият ғана емес,мейлінше жауапкершілікпен қарайтын жігіт.Жан-жақты қырыда бір төбе.Халықпен тез тіл табысатын маман бүгінде ұжымның сенім үдесінен шығып,сауатты  қызметкеріне айналып үлгерген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар