КЕДЕРГІСІЗ КӘСІПКЕРЛІК

16:09, 14 наурыз 2019

Енді бизнес жоспар құрып, кәсіпкерлер салық органдарына есеп беруді, қала берді несие алуды үйден шықпай ақ жүзеге асыруға болады. Бизнес өкілдеріне қолдау ретінде «Atameken Services» қызметі іске қосылды. Тағы қандай тың бастамалар бар екенін облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ернар Күлпейісов айтып берді

«Atameken Services» порталы кез келген кәсіпкер мүмкіндігінше үйден шықпастан қызмет алатын жүйе. Бас аяғы 60-қа жуық қызмет қамтылған. Кәсіпкер тек тіркеуден өтуі керек.

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының  төрағасы:

-Бірқатар сәтті жобалар бар. Портал арқылы қызмет алатындар көп. Кейбірі тіпті сан түрлі сауалдарында қойып, бірден жауабын алып жатады. Бұл өте жеңіл.

Сонымен қатар мұнда бизнестің қыр-сырын үйренуге мүмкіндік бар. «Бастау» бағдарламасы аясында биыл 1 мыңға жуық жұмыссыз қайта оқытылады.Бастысы кәсіп ашуға құлқы болса жеткілікті.

Ернар Күлпейісов, Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының  төрағасы:

-Бизнес бастау барлық 9 ауданда өтеді. Екінші кезеңі Қарағанды қаласында жалғасады. Жеңілдетілген несиелер барлығына тиімді болады деп есептеймін.

Кәзір палата ЖОО мен колледж студенттері, тіпті мектеп оқушылары  арасында да кәсіпкерлер санын ұлғайтпақ. Оқу орындарында 20-ға жуық бизнес мектеп бар. Тағы 35 колледжде жас кәсіпкерлер клубы қызмет етіп келеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар