КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

13:38, 14 тамыз 2019

Балқаш қаласындағы "Үлкен жүрек" бірлестігінің сауықтыру орталығында балалар алаңы ашылды. Енді мүмкіндігі шектеулі кішкентай шаһар тұрғындары түрлі көмек ала алады. Соңғы үлгідегі жабдықталған кешен демеушілерден сыйлық

Оңалту орталығының тәрбиеленушілері  үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды. Балаларды төбешіктер, әткеншектер әуе шарлары бір қуантып серпілтіс тастады.  Алаң "Коунрад" корпоративтік қорының тартуы.  Құрылысы мен қажетті жабдықтар сатып алуға демеушілерге 9,5 миллион теңге қаржы  жұмсаған. Балқаш қаласының қала әкімі ілкімді істің маңыздылығына тоқталды.

Ораз ТӘУРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:

-Инклюзивті ойын алаңы балалардың физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік дамуына көмектеседі. Бастысы  оларға үміт, сенімділік пен қуаныш ұялатуға бағытталған. Сондықтан демеушілерге алғыс айтамыз. Бұл үлгі боларлық қадам.

Қыздарға ойыншық ас үй және ұлдарға слесарлық шеберхана да бар. Кешенде мүмкіндігі шектеулі балаларға да  тұрмыстық дағдыларды үйрететін болады. Жаңа алаңда оңалту орталығының тәрбиеленушілері құммен, сумен ойнайды. Арнайы әткеншектер мен орындықтарда  түрлі қимылдарға икемделіп,  моториканы дамыта алады. Бұл бөлме 12 жасқа дейінгі арнайы күтімді қажет ететін балдырғандар үшін   жабдықталған.

Людмила Денисова, «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

-Қарағанды облысында бірінші болып осындай алаң ашылды. Балалар таза ауада мүмкіндігінше көп болуға мүмкіндік алады. Бастысы олар қоғамға бейімделіп, ортада еркін жүріп, қажетті  барлық нәрселерді алатын болады. Бұл кедергісіз келештек кепілі

Айта кету керек, "Үлкен жүрек" қоғамдық бірлестігі 2009 жылы, оңалту орталығы 2011 жылы ашылды. 8 жыл ішінде 240-тан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқудан өтіп, көмек алды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар