КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

17:02, 10 шілде 2019

Қарағанды облысыдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың шипажайда демалу уақыты ұзартылды. Бұл мақсатта - қазынадан қосымша қаржы бөлінбекші. Ерекше көңілді қажет ететін жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен апаратық жиналыста кеңінен талқыланды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың шипажайда ем алу уақтын ұзарту үшін бюджеттен қосымша 64 млн теңге қаржы бөлінеді. Бұл мақстта қаржы басқармасы өтінім жіберген. Қазір осы санаттағы адамдар қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында тек он күн ғана емделіп  келген.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА, облыстық  ЖҚҮжӘБ  басқармасының басшысы:

-Облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандар жеке қабылдауға келгенде үнемі шипажайда емделу күндерін арттыру мәселесі бірнеше рет көтерілді. Осыған байланысты басқарма республика бойынша талдау жүргізді. Нәтижесінде ерекше күтімді қажет ететін жандар  республика бойынша орташа есеппен алғанда 12 күнге жіберіледі екен. Күн санын орташа республикалық көрсеткішке жеткізу мақсатында басқарма 12 күн мерзімге бюджеттік өтінім берді.

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.  Алайда облыс әкімі барлық сауалдар әлі өз шешмін таппаған - дейді. Атап айтқанда, жеке көмекшілер мен инватаксиді ұсыну және  кедергісіз жүріп-тұруы үшін жағдай жасау мәселелері бүгінде өзекті.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Бүгінде БАҚ –дары мен әлеуметтік желілерде  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық көліктің қажеттілігі туралы жиі жазылып жүр. Олар қалыпты өмір салтын ұстануы үшін қоғамдық көлікпен еркін жүріп-тұруды қамтамасыз ету маңызды. Және көлік инфрақұрылымын сәйкес келтіру қажет. Темір жол вокзалы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлегенде, осы санаттағы адамдардың кедергісіз жүріп-тұруына арналған іс-шараларды енгізді.

Қазір арбадағы 89 мүмкіндігі шектеулі жан инватакси көмегіне жүгінеді. Қарағанды қаласында  ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қол ұшын беретін 1500 көмекші бар.    

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА, облыстық  ЖҚҮжӘБ  басқармасының басшысы:

-Сондай-ақ бізде жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары қызмет көрсетеді. Бұл  бізде 100% қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 8 өңірде жергілікті бюджет қаражаты есебінен инватакси қызметтері ұсынылады. Егер бұрын бұл тек қалаларда болған болса, қазір елді мекендерде қарастырылған.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов мүгедек азаматтарға  арналған инватакси мен жеке көмекшілерді іске қосу мәселелерін облыстың барлық қалалары мен аудандарының әкімдері жеке бақылауда ұстау керектігін  атап өтті.Қазір  Қарағанды облысында 67 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар