ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

17:25, 13 қыркүйек 2018

Ішкі мемлекеттік бақылау департаментінің мамандары 2017-18 жылдары 200-ден аса іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде 78 млрд теңгеге дейін заң бұзушылықтар анықталған. Ведомство жұмысы жөнінде оның жетекшісі өңірлік коммуникациялар брифингінде айтып берді

Мемлекеттік аудитті енгізу 2016 жылы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында іске асырылған болатын. Содан бері бюджет қаржысын бақылау жүйесінде оң өзгеріс байқалады. Сала  барлық халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуде.

Алмас КӘУКІТАЕВ,  Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі:

- Бұзушылықтарды жою үшін әкімшілік өндірістік жұмыстар қолға алынды. Құқық қорғау органдарына қылмыстық іс мазмұнындағы  материалдар жіберілуде. Сонымен қатар, келтірілген зақымды өтеу мақсатында талап-арыз да бар.

Департамент мемлекеттік сатып алуда камералдық бақылау да  жүргізуге құқылы. Бұл дегеніңіз, өтініш берілгеннен бастап, оның қортындысы шыққанға дейін арнайы мамандар жұмысты қадағалай алады. Сондай-ақ, портал арқылы   арыздарды онлайн режимде жіберуге болады. Мысалы аудиторлар 2000 –нан аса өтініш қарастырса, оның 700-і расталған.  Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жетекшісінің айтуынша, заң бұзушылық жағдайларының көбі құрылыс саласымен байланысты екен.

Алмас КӘУКІТАЕВ,  ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекшісі:

- Көп жағдайда тапсырыс берушілер жұмыс орындалмай жатып  ақшаны беріп қояды. Осы жылы мұндай бұзушылықтар 2 млрд-қа дейін анықталған. Мысалы, Сәтбаев қаласында және Қарқаралы ауданында үлкен қаражат  алдын ала төленіп қойған, ал жұмыс істелмеген. 

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жұмыс барысын қоғамнан еш жасырмайтынын жеткізді. Ведомство сайтында онлайн режимде қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алуға болады, өтініш жіберу де оңай.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар