Қазыбек бидің 350 жылдығы республикалық деңгейде кеңінен аталып өткені белгілі

15:24, 31 тамыз 2017

Дүбірлі той қарсаңында бабаның туған жері Егіндібұлақтан жол тартқан «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты автокеруені Қазақстанның біраз өлкесін аралап, күні-кеше Шет ауданына ат басын тіреді

Мерейтойлық бағдарлама аясында облысқа көш түзеген бұл автокеруен еліміздің бүкіл қасиетті орындарын аралап келе жатыр. Керуен мүшелері көрші өзбек елінің Ташкент қаласында және Науаи облысында болып, Төле және Әйтеке билердің рухына тағзым еткен. Сондай-ақ автокеруенің Шет ауданына да атбасын бұруы бекер емес. Себебі, Қазыбек бидің ізін жалғастырушылар, өз заманының дау-дамай мәселелерін сөзбен шешкен белгілі Шортанбай жырау мен Жанқұтты бидің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Автокеруен құрамында : ғалымдар, қоғам қайраткерлер, мәдениет майталмандары мен  ақын-жазушылар, сондай-ақ журналистер де бар. 7 автокөлікпен шыққан 28 адамнан тұратын автокеруен 5500 қашықтықты артта қалдырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру мақаласын» іске асыру аясында ізгілікті істер атқарып, үлкен шараға ат салысқаны үшін» Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың арнайы Алғыс хатымен Шет ауданы әкімдігі марапатталды. Шет ауданында небір данагөй би-шешендердүниеге келген. Олардың арасында Бәйсейіт би, Ержан би, Дүйсенбай би, Жанқұтты менен Шортанбайлар тағы-тағысы бар. Ал, Ұлы Қазыбек баба бастап берген жолды ел ағасы Ертай Жәнібекұлы жалғастырып келеді.Ол елдің бірлігін, тұтастығын сақтауға өз үлесін қосуда. Қазыбек би - тарихи ұлы тұлға. Сондықтан баба жолы кім-кімге де үлгі. Міне, осыны мақсат еткен арқа жастары келелі көш арқылы өткеннің өнегесін насихаттап, Елбасы мақасаласында айтылған, «Рухани жаңғыруға» өзіндік үн қосуда.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар