ҚАЗТЕСТТІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

19:21, 16 наурыз 2018

Биыл елімізде екінші жартыжылдықтан бастап «Қазтест» жүйесінің жаңа нұсқасы енгізіледі

Бұл туралы стандартын түсіндіруге негізделген  шеберлік сыныбы атты семинарда басқарма басшысы  Мәншүк Мұхаметқали  мәлімдеді. Енді  азаматтар бұрынғыдай тыңдалым,лексика- граматикалық және оқылым, жазылым сынақтарын тапсырумен қана шектелмейді.Олардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі айтылым бөлігі арқылы да  бағаланатын болады. Еліміздегі азаматтардың ана тілді меңгеру деңгейін бағалайтын «Қазтест» жүйесі бүгінде отандық құралға айналып отыр - дейді мамандар. Жаңа жүйе ағымдағы жылы өңірлерде пилоттық бағытқа сәйкес  жүзеге асырылады.Сынақтың су жаңа форматы халықаралық тәжірбиеге сүйеніп ойластырылған. Бір ғана мысал  ағылшын тіліндегі қарым-қабілетіңізді анықтайтын IELTS және TOEFL бағдарламаларында айтылым бөлігі әу бастан бар.

Мәншүк МҰҚАМЕТҚАЛИ  ҚР БҒМ ҰТО Қазтест жүйесін  дамыту жөніндегі басқарма басшысы

Себебі сөйлеу құзіреттілігіне мән беріп жатырмыз.Өйткені  кез-келген  тестті  тапсырушы сұрақтарға жауап берумен қатар,емтихан алушымен  ашық диалог құрады. Өзі туралы мәлімет беруі тиіс. Сондықтан айтылым бөлігінің орны ерекше.  Жыл санап Қазтест жүйесін жетілдіру үстіндеміз.

Айтылым бөлігі адамдардың қазақ тілінде сауатты сөйлеуіне оң септігіп тигізумен қатар қолданыс аясын кеңейтуге  жол ашады.Бірегей жүйенің нәтижесінде  тест сұрақтарының саны азайтылып, уақыты ықшамдалады.Әзірге жаңашылыдыққа байланысты әдістемелік құралдары дайындалып жатыр.Ал «Қазтест» стандартын  түсіндіруге негізделген  шеберлік сыныбы» атты  облыстық семинардың мақсаты  ана тілді оқытудағы  жаңа инновациялық тәсілдермен таныстыру.

Гаухар АЙТБАҚАЕВА  Теміртау қаласы тілдерді дамыту орталығының маманы

Бүгінгі шеберлік сыныбы  өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын.  Шеберлік сыныбының ақпараты көп,  маңызыдылығы жоғары.Осы алған дәрісіммен басқа да адамдармен бөлісетін боламыз.

Былтыр аймағымызда 4 мыңнан астам азамат тестілеуден өтіпті.Олардың басым көпшілігі   мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала мамандары. Жалпы өңіріміз бойынша 2018 жылы  6 мың адамға  «Қазтест»  тапсырту жоспарлануда.Айта кетейік осы іспеттес семинар-тренигтер Қазақстанның Өскемен мен Орал қалаларында ұйымдастырылған еді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...