Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының ескерткіші енді Түркістан қаласында да бой түземек

17:01, 21 сәуір 2017

Бұл Қарағандыда «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық практикалық конференияда мәлім болды. Сондай-ақ ұлы тұлғаның 350 жылдығына арналған рухани шаралар легі де баяндалды

Алдымен конференцияға қатысушылар  Қарағанды қаласының қақ төрінде орналасқан Қаздауысты Қазыбек бидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  тағызым етті. Бұл еңселі ескерткіш 2011 жылы бой түзеген болатын.  Мұнда оң қолымен халқына бағыт сілтеп,  сол қолында заңдар жиынтығын ұстап тұрғанының  өзінде қаншама мән жатыр - дейді жиналғандар.

Осындай ескерткіш биыл Түркістан қаласында да орнатылатыны туралы  конференцияда айтылды.  Бұл игілікті шараны Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған Қазыбек би атындағы қор қолға алып отырған көрнеді. Рухани шараға Түркістаннан арнайы келген бір топ өкіл  қарағандылық мүсіншілермен келіссөз жүргізді. Бұл қор еліміздің бір туар ұлының 350 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуге ұйытқы болуда.

Айтулы шара барысында ғалымдар Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы рөлі, ұлт дүниетанымы мен руханиятын дамытуда  қосқан үлесі туралы баяндамаларын жасады. Болашата  Қаздауысты Қазыбек би мұрасы жайлы халықаралық конференция ұйымдастырылмақ. Ал Қарағанды облысында республикалық ақындар айтысын өткізу жоспарлануда.

Конференцияға республиканың әр өңірінен 120 дан астам материал келіп түскен. Соның 76 сараланып, ғылыми мақала ретінде жарыққа шықты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...