Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толды

Елдің тыныштығын сақтап, түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұратын қызмет иелерінің еңбектері ерекше. Кәсіби мереке күні департаменттің бірқатар үздік қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамоталарына ие болды

15:20, 14 шілде 2017   91

1992 жылы 13 шілдеде   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Ал ҚР Ұлттық қауіпсіз комитеті төрағасының  жолдаған құттықтау хатыда салтанаттты кештің маңызын аша түсті.Кәрім Мәсімовтың жылы лебіздерін департамент мамандары ерекше ықласпен қабылдады. Ұлттың ішкі қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін арнайы қызметке артылар жүктің салмағы ауыр.Шаттықты шарада аймақ басшысы  алғы сөзін орамды ойымен орағатып, төрт жол өлеңімен түйіндеді.

Ерлан Қошанов  Қарағанды облысының әкімі   

Сіздердің миссияларыңыз ел үшін,жер үшін, әрбір тұрғындар үшін аса маңызды. Сіздер барда ел іргесі еш уақытта сөгілмейді. Еш уақытта шаңырағымыз шайқалмайды.Алға самға, шаршап қалма.Ерлікті сақтаудың жолында. Қалыс қалма, тағдыры халықтың сендердің қолында.

Жауапкершілікті талап ететін қызметтің сан-салалы қырын қадірлі меймандар деректі фильмді арқылы тамсана, тамашалады.Елдегі комитет органдары кез-келген қиындыққа, қауіп-қатерге қарамастан, жанқиярлық әрекетке барып, мемлекетіміздің тыныштығын сақтап келеді.

Кендебай АДАМБЕКОВ  Қарағанды облысы бойынша ұлттық  комитеттің департамент бастығы

25 –жыл көп уақыт емес. Бірақта егеменді Қазақстанның  арнаулы қызметіне бұл оңайға түскен жоқ. Бүгінгі күні елбасымыздың  қолдауымен отанымыз үшін  отқада түсуге дайын қызметкерлеріміздің  қажырлы еңбегінің арқасында  ұлттық қауіпсіздік комитеті заманауи және жоғары қызмет дәрежесіне ие болды.

Биыл ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына ширек ғасыр толды.Осы жылдар ішінде елдің бүтіндігі мен мемлекеттің тұрақтылығын сақтауда ведомстваның қосқан үлесі орасан.Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі мен сүбелі үлестері үшін  екі зейнеткер мен алты департамент қызметкеріне облыс әкімі өз қолымен құрмет грамотасын табыстады. Салтанатты сәтте генерал-майор  Кендебай Адамбеков  құқық қорғау органдары және басқада департамент басшыларын мерекелік  медальдар және Алғыс хаттармен марапаттады. Департаменттің үздік үш қызметкері «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін » атты ведомствалық медальдарға  ие болды. Еліміздегі ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық құрылымдардың арасында лайықты орынға ие.Қарағандылық өнерпаздар мен эстрада жұлдыздары әуелете шырқаған әндері  көрерменге керемет әсер сыйлады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25