ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ

16:34, 20 маусым 2019

23-ші маусым Қазақстан полициясы күні. Осыған орай Қарағанды облыстық полиция департаментінде қызметте жүріп қаза тапқан әріптестердің құрметіне , арнайы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ еңбекте үздік болған полицейлерге шен тапсырылды

Әр жылдары Қарағанды облысында адам жанына араша түсіп, қылмыскерлермен қақтығыста  бірқатар полицейлер де жан тапсырған.  Олардың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Полиция департаментінде өткен салтанатты шара - дәл осы қызметкерлерді еске алу рәсімімен басталды.

Мұнан соң қызыл жағалы қауымға полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин құттықтау жолдап, мінсіз қызмет еткендерге шен тапсырды. Ол елге қорған болу- ең абыройлы қызмет - дейді. Шараға келген осы саланың ардагерлеріне де ыстық лебізін білдірді.

Ерлан ФАЙЗУЛЛИН, облыстық полиция департаментінің басшысы:

-Өз өмірін полиция қызметіне арнап бүгін зейнетке шыққан ардагерлерге баянды бақыт тілеймін. Атқарған еңбекке бас иеміз. Сіздердің өткен жолдардыңыз кейінгі толқынға үлгі.

Бүгін шен алғандардың бірі -Бақытжан Құдияров. Ол 2009-шы жылдан бері осы салада жемісті қызмет етіп келеді. Қарапайым баспасөз инспекторы болған ол 10 жыл ішінде майор шеніне дейін көтерілді. Бұл мінсіз еңбекпен , елеулі қызметтің арқасы - дейді ол.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, полиция майоры:

-Осы қызметті бағалап марапаттаған департамент басшылығы мен әріптестерге рахмет. Баршасын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қызмет жолында қаза болған сарбаздардың жанұясына сый-сияпат жасалды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар