ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНА – 61 ЖЫЛ

16:02, 15 наурыз 2019

Қазақ телевизиясының қарлығашы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының құрылғанына биыл- 61 жыл. 1958 жылы наурыз айынан бастап Алматыдағы студиядан алғашқы рет хабар берілді. Осылайша өз жұмысын бастаған тұңғыш телеарна аз уақытта ұлттың үні, қоғамның айнасына айналды. Бүгінде халықты ақпаратпен қамтамассыз етуде, үздік телевизиялық өнімдерді көрермендерге ұсынуда шығармашылық және техникалық мүмкіншілігі зор, танымал телерадиокорпорацияға айналған

Бұл әр жылдары  көгілдір экранмен талай тыңдармандар жүрегіне жеткен алтын дауыстар. Алматы қаласында 1958 жылдың 8-ші наурызында  телестудия тұңғыш рет хабар таратты. Бұл ел тарихындағы елең еткізер айшықты жаңалық  еді.  Кейін  күнделікті 5 сағаттық хабар беріліп отырды. Осы жылы Өскемен, Қарағанды студиялары да өз жұмысын бастады. Ал ең бастысы телеарна жолы тәуелсіз еліміздің тарихымен біте қайнасып, қалың бұқараның басынан өткен барлық елеулі оқиғалардың арасында болды.

Молдабек Сағынбек, телеарна ардагері:

-Әр буын өзінің сол кезеңде алдарына қойылып отырған мүдделерге, мақсаттарға қызмет етті. Менің білуімде, өзім мәселен 80-ші жылдардың ортасынан бастап келдім деп отырмын ғой теледидарға. Ол жылдары теледидар өте үлкен қызмет жасады. Елдің ішінде пісіп-жетіліп, өмірге шыға алмай, булығып келе жатқан ұлттық құндылықтарды теледидар, радио әдемі көрсетіп, жеткізе білді.

Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін телевизиясының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. 1997 жылы жаңалықтар студиясы Астана қаласына ауысып алашқа «Ақшам» деген атпен ақпарат таратты. Сол тұста, журналситер епті болғанымен техника ескі еді. Дегенмен студия директоры болып тағайындалған Алдан Смайылов  техникалық  мүмкіншіліктерді мейлінше ұтымды пайдаланудың  сара жолын салдық,-дейді.

Алдан Смайылов, телеарна ардагері:

-Ең бірінші сол корпарацияның төрағасы болған Ерлан Сатыбалдинов сияқты бірнеше жігіттер келді де , Ол кезде олар келгендегі негізгі мақсат бізге қойылған міндет Астананың ауысуы жаңалықтардан үзбей көріп отыру.

Ұлттық арна 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарататын еліміздегі ең алғашқы және жалғыз телеарна. Қазір  жаңаша түлеп, креативті түрде қадам басуда. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында барлық 14 филиалымен бірге ребрендинг жүргізілді.  Аймақтық арналардың халық ұғымында ежелден қалыптасқан атауға ие болуы рухани жаңғырудың бастауы. Бүгінде ұлттық арнаны республика көлемінде ғана емес, көрші Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас  өңірлері, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандары және басқа да шалғайдағы қандас бауырларымыз да тамашалайды. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар