ҚАУІПТІ ЖОЛДЫҢ ҚАТЕРІ

17:04, 13 ақпан 2020

Қарағанды қаласының әкімі халық алдындағы есеп беруінен кейін тұрғындарды жеке қабылдады.Кездесуде Пришахтинскідегі 23 шағын ауданының жұрты осындағы жолдың жағдайына байланысты мәселені көтерді.Себебі бұл жерде төрт балабақшамен бір мектеп бар. Сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне қатты алаңдайды.Тіпті жолдың жиегінде адамдар жүретін тратуардың заты түгілі атыда жоқ.

Арғын Кириченко мектепке баратын жолдың бойынан өткен кезде бойын балалық қуаныш емес, қорқыныш билейтінін жасырмады.Бұған жаяу жүргіншілер жолағы мен арнайы белгісінің жоқтығы себеп. Он екі жасар өреннің сөзіне құлақ түрсек,  жолдан көлік жүргізушілер жүйткіп, тоқтамай өте шығады екен. Соның салдарынан оның балғын көңілі үнемі алаң.

Арғын КИРИЧЕНКО, оқушы:

- Тас жолды кесіп өткенде қатты  елеңдеп,  үрей құшағына енемін. Темір тұлпар тізгіншілері ережені есермек түгілі,жол бермейді, Жанымыздан заулап өтіп кетеді.

Яна РАЗЕНКОВА, оқушы:

-Жылдамдықты шамадан тыс асырған көліктерді көргенде зәре-құтым қашады.Мен сияқты кішкентай балалар жолдың жиегімен қарды оппылап жүре алмай қиналады.Сабаққада  кешігіп, солардың өткенін көптеп  күтіп тұрамыз.

Тұрғындардың айтуынша мұндағы қалың қарды коммуналды сала мамандары мардымды етіп  аршымаған. Күре жолдың ортасындағы  тоң болып қатқан мұз бен  ақ ұлпадан аяқ алып жүру мүмкін емес.Алайда көлік жүргізушілері жолдың бойына тек екі машинаның өзі сығылысып, әрең сыйады деп налиды. Әсіресе таңғы және кешкі мезеттерде кептелістен көз сүрінеді -дейді олар.

Тас жолдың жиегінде жаяу жүргіншілер жүретін тиісті тротуарда қарастырылмаған. Еріксіз ата - аналармен тұрғындар жолдың  жүру бөлігімен қатынауға мәжбүр.Дегенмен темір тұлпар тізгіншілерінің барлығы бірдей  өткізіп жібереді -деп айту қиын.|Ал 23 шағын ауданда 4 балабақша мен 1 мектеп  болсада, ата-аналар  жол белгісі орнатылмағанына қатты қапалы. Онысы аздай , көшені жарықтандыру мәселесіде өткір тұр.

АЛМА ЕСЕНЖОЛОВА,  шағын аудан тұрғыны:

Қарашаның берекесін қашырған мәселені тұрғындар Қарағанды қаласы әкімінің халық алдындағы есеп беруінен кейінгі жеке қабылдауында  көтерді.Баспасөз хатшысының айтуынша шахар басшысы жауаптыларға  ақ ұлпаны тазалау бойынша  нақты  тапсырма берген.

Нұржан ТАСМАҒАМБЕТОВ, автомобиль жолдары секторының жетекшісі:

- Әуелі арнайы техниканы шақыртамыз.Қобыраған аумақты  қалыпқа келтіреді.Ертең таңертеңнен бастап біз  жолды тазалаймыз.Жауған қарды сыртқа дереу  шығарамыз.

Ал автомобиль жолдары секторының жетекшісі  жол белгілері мен жаяу жүргіншілер тротуарларын биыл жазда жасаймыз деп сендірді. Қазір мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдеп жүріп жатыр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар