ҚАУІПТІ ТЕРЕКТЕР КЕСІЛЕДІ

13:48, 20 тамыз 2019

Қазыбек би ауданында жүргізілген санақ нәтижесінде 744 мың терек бар екені мәлім болған. Алайда, оның 5 мыңнан астамына 30 жылдан асып, қурай бастаған. Кейбірі тіпті жел мен дауыл соқса тұрғындардың үстіне құлап, елге қауіп төндірген. Апаттың алдын алу мақсатында Қазыбек би ауданы әкімдігінің мамандары осындай теректерді кесу жұмыстарын бастады

Арқаның дауылы мен желі қураған теректерді айтпағанда жайқалып тұрған жасыл желекті де тамырымен жұлып әкетуге қауқарлы. Қарағандыда осындай мысалдар аз емес. Сорақысы кейбір оқиғалар көліктерді басып жатса енді бірі адам өміріне қауіп төндіреді.  Сондықтан Қазыбек би ауданы әкімдігі биыл күзге дейін 5 мың түп қураған теректі  жоймақ.

Әлібек БОЛАТОВ, "Қолғанат-Қарағанды" мердігер компаниясының учаскелік басшысы:

-Мындағы алаңға, көлікке түсіп, тұрғындарға қауіп тудыруы мүмкін. Балалар мен ересектер де бар, жалпы жолға да қауіпті.

Атап өткен жөн, қауіпті, қураған теректерді кесу мәселесі бірінші кезекте ПИК-  тердің және өзге де қызмет көрсетуші компания өкілдерінің, қала берді ТЖД мамандарының өтініші бойынша жүргізіледі. Бұл жасыл желектер бей-берекет кесіледі деген сөз емес.

Лариса СУВОРОВА, «Карагандинец» ПИК-тің төрайымы:

-Шамамен 37 жыл болған теректер, әбден қуарған. Біз өзіміз өтініш бергенбіз. Әкімдік мамандары бірден іске кірісіп кетті.

Регина СЛЕСАРУК,  «ГорКомТранс» ЖШС-нің  эксплуатациялық бөлім меңгерушісі:

-Қоқыс жәшігін тазалауға кедергі келтіретін. Көліктер кіре алмады, сондықтан бізде өтініш жасап, жәрдемдесуін өтіндік. Енді тазалық жүргізу едәуір жеңіл болмақ.

Тамыз айында осы тектес 450 терек кесілген, алдағы күз айларында да бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Әкімдік мамандары санитарлық талаптарға сай келмейтін теректердің барлығын өз тізімдеріне алған.

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

-5549 апатты тал бар. Өтініш келіп түскен соң анализ жасап, графикке қостық.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар