Енді аймағымыздағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталайық. Өткен тәулікте Қарағанды облысындағы 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Коронавирус инфекциясы расталған жағдайлардың арасындағы 24 адамда қауіпті дерттің белгілері бар. Барлық ауырғандардың 75% Қарағанды және Теміртау қаласының тұрғындары. Ал, қалған 25% пайызы Жезқазған, Балқаш, Саран мен Абай қалаларында тұратын науқастар. Жалпы 2021 жылғы 13 қаңтардағы ахуал бойынша Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның 165 311 жағдайы тіркелген. Олардың арасындағы 12571-і Қарағанды облысының азаматтары. Алайда аурудан айыққандар да бар. Біздің облысымызда олардың саны 32 адамға жетті.
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар