ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ

16:34, 20 тамыз 2019

Облыстық онкологиялық диспансерде тамыздың 24 нен бастап бауырдың қатерлі ісігін анықтау мақсатында ашық есік күні өтеді.Аталған шара таңғы сағат 8 ден кешкі 18 ге дейін ұласады.Онкологтар аурудың алдын алу арқылы елбасы жолдауындағы басым бағыттың бірі – «дені сау ұлт» бастамасын жандандырмақ ниетте

Қарағанды облысында бүгінде  2260 адам бауырдың қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұр. Аурудың осы түрі  бойынша біздің аймақ  республикада 9-орын алады. Көңіл құлазытарлық көрсеткіш кемімей тұр.Мәселен,2018 жылы жаңадан  3790 анықталса,соның 150-і кеселін асқындырып  келген.Жанға бататын  ауруға төзіп жүруге әсте болмайды.Дәрігерлер уәжі осыған саяды. Бірақ бұған қоғамдық серпілісі қажет.  Бұл тұрғыда ақ желең иелері өз парыздарын орындауда

Мұратбек ЖҰМАҚАЕВ, облыстық онкологиялық диспансердің директоры:

-Ондағы мақсатымыз -қатерлі ісіктің алғашқы сатысын анықтап, ерте бастан емдеп, емге көнбейтінін операция арқылы немесе сәулемен емдеудеп жазу.

Қатерлі ісікке шалдыққан сырқаттарды емдеу қыруар қаражатты қажет етеді. Мемлекет қолдан келеген барлық мүмкіндіктерді  жасап отыр. Осы аурулардың ем-домына жылда мемлекет қазынансынан екі жарым млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы онкологиялық диспансерде ем алатын  сырқаттардың қажетін ашуға жұмсалуда

Мұратбек ЖҰМАҚАЕВ, облыстық онкологиялық диспансердің директоры:

-Жылма жыл мемлекеттен бөлінетін ақша көбейіп келеді. ТМД көлемде біздің ел ғана осындай жағдай жасап отыр. Мәселен,қатерлі іскке шалдыққан аурудың бір айлық еміне 600-700 мың теңге ақша жұмсалады.

Диспансерде  тамыздың 24-де өтетін ашық есік күніне дайындық шарасы басталып кетті.Бұл күні жоғары білікті онколог мамандар  бауыр кеселімен ауыратындарды соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтардың  және зертханалық тексерістің көмегімен тыңғылықты тексерістен өткізеді. Осындай жеңілдікті иеленгісі келетіндер тек  тұрғылықты мекен-жайда орналасқан  емханадағы   терапевт дәрігердің жолдамасын ала келуі шарт.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар