ҚАСЫМ ОҚУЛАРЫ

14:19, 22 қазан 2020

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ...». Дәл осындай атаумен Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында республикалық дәстүрлі 10-шы Қасым Аманжолов оқулары өтті. Оған 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты.

Әдеби шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұнда жас оқырмандар Қасым ақынның шығармаларын көркем шеберлікпен жатқа оқу аталымы бойынша бақтарын сынады.

Дина БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, облыстық Н.В. Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры:

-Барша қатысушыларға мың алғыс! Сіздер біз үшін жеңімпаз болып табыласыздар. Себебі өздеріңізге таныс емес жағдайда байқауға қатысып, бақ сынаған ерлік деп білемін.

10-шы байқау карантинге байланысты ZOOM платформасында өтті. Оған қатысуға Батыс Қазақстан мен Павлодар облысынан және Алматы қаласынан өтінім түсті. Жазушы, республикалық әдеби-қоғамдық «Қасым» журналының бас редакторы Серік САҒЫНТАЙ әділ қазылар алқасының төрағасы болды. Ал, құрметті қонақ – елге белгілі ақын, аудармашы Танакөз Толқынқызы.

Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ, ақын:

-120, 135 өлең жаттаған үміткерлерді көріп, қуанып қалдық. Жалпы, қуанып келіп, қуанып кетіп барамыз. Себебі біз Қарағандыны қара өлеңнің қағбасы деп білеміз. Бүгін бір Қасымның әруағы аунап тұрды деп ойлаймын.

Байқау қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Алматы қаласының үміткері Айару Дәулет пен қарағандылық Аяулым Мәлгаждар алды. Екінші орынға Іңкәр Алтаева лайық деп танылды. Бірінші орын тағы бір жерлесіміз Аида Қуандыққа бұйырды. Ал, бас бәйге теміртаулық Ақзия Оразалиеваның қанжығасында. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Республикалық Х Қасым оқуларының аясында жарық көрген «QASYM» сериясының 3-ші кітабының да тұсауы кесілді. Жазушы, «Қала мозайкалары», «Ханшайым» кітаптарының авторы Алмаз Мырзахмет аталған жинақтың құрастырушысы.

Алмаз МЫРЗАХМЕТ, жазушы:

-Республикалық Қасым оқуларының аясында жыл сайын Қасым сериясымен бір кітап жарық көріп отырады. Алғашқы кітабына біз Қасымға арнауларды салдық. Екінші кітабына Қасым жайлы естеліктерді топтастырдық. Бұл жолғы үшінші кітабына Қарағанды өңірі қаламгерлерінің ғылыми-танымдық мақалаларын салдық.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...