ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ

18:38, 12 маусым 2018

Күллі әлем мұсылмандары асыға күтетін қасиетті Қадір түнін қарағандылық жамағат та ерекше ыждағаттылықпен өткізді. Бұл кеште Қарағанды облысының мешіттеріне дұға тілеуге жиналған жандар толы болды. Нұрлы түннің қадір-қасиеті жайында уағыз айтылып, жамағат құлшылық етті

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Мұсылман сенімі бойынша дәл осы күні аспаннан періште түсіп, Мұхамед Пайғамбарға құран кітабын ұсынған екен. Сондықтан, бұл түнгі жамағаттың ғибадаты 83 жылға 1000 айға тең екен. Сондықтан, қарағандылықтар асқақ армандарын ізгі тілектерін арқалап,  облыстық мешітке ағылды.

Мешітке ағылған, сансыз сауапқа кенелгісі келген исі  мұсылман баласының түні бойы легі толастамады. Бір мезетте 4000 жамағат мінәжат ете алатын облыстық мешіттің ішінде ине шаншар орын жоқ. Тіпті, намазды көпшілік қатар қатар тізіліп далада оқыды. Қарағанды қалалсындағы басқа да мешіттерде осындай көрініс. Қадір түнінде қарағандылықтар көз ілмей Аллаға мадақ айтты.

Жиналған жамағат бір сәтте қариға ұйып, 20 рәкәғат тарауық намазын  оқыды. Аят-хадисті жатқа айтатын, дінтанушылар 114 сүреден тұратын Қатым құранды мәнеріне келтіріп түсірді. Жалпы, Ораза кезінде күнде  тарауық намазын Египетпен Түркиядан  келген сауатты  7 қари оқыды. Имамдар уағыз айтып, жамағаттың діни білімін тексеру мақсатында вектариналық сұрақтардан байқау өткізді.    

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА, Қарағанды облысы бойынша өкіл  имам:

-Халықтың имамдылық деңгейі артып келе жатыр. Сондықтан, біз халыққа насихаттап, өз деңгейінде жеткізуіміз керек. Өздерінің саналарына бүгінгінің зайырғы мемлекетіміздің өзінің бағытымен сәйкес келуін біз халыққа жеткізуіміз керек. Дін бөлек бағыт емес, әр мұсылманның өмір салты.

Таңсәріге дейін ғана жиналған жұрт риясыз рақым алды.  Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының  бас Муфтиі Серікбай қажы Ораздың атынан берілген сәресін ішіп,  жамағат мешітте ауыздарын бекітіп қайтты.  Биылғы Ораза айында облыстық мешіт ұжымы «30 күнде 30 рухани шара» атауымен  қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлді. Мұндай игілікті іс облысқа қарасты барлық қала аудандарда ұйымдастырылған.   Имандылық жаршысы рақым айы Рамазан – 14 маусымда аяқталады. Ал 15-і мен 17-ы аралығы  қасиетті айт мерекесі. Мұсылмандардың ұлық мейрамының алғашқы күні сағат таңертеңгі 7-де облыстағы барлық мешіттерде ораза айт намазы оқылмақ.  Бұл күні облыстық мешіттің алдында түрлі рухани, спорттық шаралар өтіп, нағыз думанға айналады,- дейді имамдар.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар