ҚАРЖЫ БАР, ДӘРІ ЖОҚ

12:44, 3 шілде 2020

Қаржы бар, ал дәрі-дәрмек жоқтың қасы. «Nur Otan» партиясының Қазыбек би ауданы бойынша мүшелері арнайы рейдке шықты.Олар қала дәріханаларында болып, ыстық түсіретін препараттардың бар-жоғын қадағалады

Еліміздің жетекші партиясының өкілдері  қаладағы біраз дәріханаларда болды.Олар дене қызуын  түсіретін дәрі-дәрмектің  тапшылығын көріп,қатты күйзелді.Бұл ретте, тұрғындар тарапынан да, шағымдар көптеп түскен. Әсіресе, «Аспирин»,» «Парацетамол» сияқты дәрілер тапшы екен.Бұған дейін,билік өкілдері де, жеке-меншік дәріханаларда болған.Ал, қожайындар бұл препараттар қоймада жатыр -деп, сендіруге тырысып бақты.

Алма БЕКТҰРОВА,  «Nur Otan» партиясы Қазыбек би аудандық  филиалы төрағасының  бірінші орынбасары:

-   Комиссия мен бірге біз кеше 5 дәріханада болдық.Олар бір-біріне жақын орналасқан.Дәріхана иелерінен сұрағанымызда олар «Аспирин» және «Парацетамол» препараттарынан басқасы жеткілікті дегенді айтып, ағынан жарылды.Олардың орнына басқа дәрілерді қолдануға болады деп ақталуға тырысты, фармацевтер.  

Денсаулық сақтау министрлігі тақауда брифинг өткізген, болатын.Онда осы аптада облыс орталықтарына қажетті дәрілер жеткізіледі - деген еді.Өкінішке қарай, дәріханаларда адам қызуын  түсіртетін препараттар әлі күнге жеткізілмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мониторингтік тобының мүшесі Жібек Кәмәли облыстық денсаулық сақтау басқармасына арнайы үндеу де, жолдаған. Лауазымды тұлға тұрғындар уәжін жеткізу мен қатар, дәрі-дәрмек тапшылығын айтқан.

Жібек КӘМӘЛИ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі:

- Денсаулық сақтау басқармасы жұмыс жүйесін өзгертуі тиіс.Пандемия селқостықты көтермейді.Сала қызметкерлері бұл жайлы жақсы біледі. Іңдеттің екінші толқыны келе жатыр. Бұл турасында денсаулық сақтау басқармалары тарапынан нақты ұсыныстар берілуі тиіс.Сонда ғана, біз іңдетке қарсы күресті күшейте аламыз.

«Nur Otan» партиясының Қазыбек би ауданы бойынша филиалының мүшелері, Қарағанды қаласындағы дәріханалардағы мониторингтік жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді одан әрі жалғастыруда. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар