ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

16:59, 10 маусым 2019

Осыдан 30 жыл бұрын қарағанды телеарнасында «қайырымдылық телемарафоны» - пайда болды. Бұл- Қазақстан бойынша осы жанрда көрсетілген алғашқы телехабар-тын. Ол «Қарттарға қамқорлық»-деген атаумен шықты. Мақсаты -осы топтағы жандарға қайырымдылық көрсететін емхана салу жұмысына қаржыландыру болатын

Мейірбикелік күтім ауруханасы сонау 1992-ші жылы ашылды. Елдегі жалғыз орынға қамқорлыққа зәру жандар келіп, ем қабылдайтын. Емхана жұмысы күні-бүгінге дейін жалғасып келеді.

Марғұлан СЫЗДЫҚОВ, «Жансая» клиникасының жетекшісі:

-Әр дәрігер үшін пациенттерінің орны ерекше. Сондықтан Әсіресе ұзақ уақыт емделіп жатқандарға жанымызбен көмектесеміз. Жақын адамымыздай болып кетеді.

Галина БАЛБЕКОВА, телеарнаның бөлім басшысы:

-Бұл марафон 2005-ші жылы өткен. Ал, алғашқысы 30 жыл бұрын өткен еді. Осындай ұсыныс келді, біз зор этузиазммен қолдадық.

Сонау 90-шы жылдары бұл емхана құрылысына қаржыны табанды түрде жинаған. Облыстық телеарна эфирінде «қарттық шаққа қамқорлық» деп аталған марафон өтті. Тікелей эфир 10 сағат бойы жалғасқан еді.. Оған ондаған журналист қызмет көрсетті.

Галина БАЛБЕКОВА, телеарнаның бөлім басшысы:

-Ол кезде уақыттың қиын кезі екенін білесіздер.  Айлық жоқ, көптеген кәсіпорындар жабылып жатты. Осыған қарамастан көмек қолын созғандар көп болды.  Осыған әлі таңданамын.

Бұл жобаны сол кездегі әкімішілк басшысы Шәймерден Оразалиновта қолдаған. Телемарафон кезінде 180 мың рубль жиналған. Кейін бұл қаржыға ескі балабақша ғимараты сатып алынып, кейін мейірбикелік күтім ауруханасы ашылды.

Галина РАХИМОВА, телеарна ардагері:

-Бар мақсатымыз қарттарға көмектесу болды. осы жолда қызмет еттік.

Бүгінде өкінішке орай сол телемарафон алтын қорда қалмапты. Тек, бірнеше фотосурет ғана Қызыл ай қоғамының қорында сақталыпты. Есесіне сол кезде бірлікпен ашылған емхана әлі істеп тұр.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар