КАРТОП ЕГІП, КӘСІБІН ДАМЫТТЫ

15:53, 3 қазан 2019

Қарағанды облысында күзгі жиын-терім науқаны жалғасуда.Бір ғана мысал бүгінде аймағымыздың кәсіпкерлері 215 мың тоннадан астам картоп жинап үлгерген.Ал Ақтоғай ауданындағы «Ынталы» шаруа қожалығы 1 гектар жерге картоп егіп, көл-көсір пайдаға кенелген.Сөйтіп жергілікті бизнесмен сапалы өнімді халыққа қолжетімді бағамен саудалауда

Тәжірибелі агроном Мартбек Сәрсенбеков  ерте көктемде 1 гектар жерге картоп егуді ұйғарады.Тәуекел етте, тірлік баста деп білетін зейнеткер Абай ауданындағы шаруалардан 3 тонна тұқым сатып алады.Сөйтіп ол  топырақты өңдеп, үш ай бойы жатпай-тұрмай еңбектенеді.

Мартбек СӘРСЕНБЕКОВ, «Ынталы» шаруа қожалығы жетекшісінің кеңесшісі:

-Басты мақсат- халықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету. Тоқырауын өзенінің таза суымен суарылады. Арнайы сорғы қойылған.Қолы қимылдап, еңбек еткен адам табысқа кенеледі.

Ақтоғайлық шаруа жаз бойғы мехнаттың жемісін күзде көруде. Дәл қазіргі уақытта қырдағы науқан қыза түскен. «Ынталы» шаруа қожалығының бағбандары  әзірге 7 тонна картопты жинап үлгерген. Ал бизнесмен 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.Еңбеккерлердің дені Өзбекстан елінен тартылған. Олардың айлығы қомақты, табысы тұрақты.

Мұрат МАМАДАЛИЕВ, бағбан /Өзбекстан/:

- Бізге  мұнда барлық жағдай жасалған. Жатын орынмен тамақ тегін. Таңсәріден тұрып, арамшөптің қылтанында қалдырмай жұлып тастайтынбыз. Картопты ерекше күтіп –баптап өсірдік.

Кәсіпкер табиғи, таза өнімді аудан нарығына ептеп, емес көптеп шығаруда.Картопты жалпақ жұртқа  арзан бағамен саудаланып жатыр. Ырыс-несібені жер анадан тапқан азамат  жиын-терім аяқталғаннан кейін, енді сарымсақ екпек.Айта кетейік  қазан айының бесі мен алтысы  аралығында  Нұр – Сұлтан қаласында  ауқымды ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.Берекелі шарада  елордалықталықтарға аймақ шаруаларының  582 мың тоннадан астам  өнімі  базар құнынан  10-15 пайыз төмен бағамен сатылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар