ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР

14:31, 10 маусым 2019

Қаражал қаласында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қарқынды жұмыс жасауда. Биылғы жылдың өзінде бірқатар ішкі көше жолдары жөнделіп, жарық шамдары орнатылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға 30 астам пәтер кілтін табыстау үшін ескі ғимарат жөнделуде

Қаражал қаласында биыл ішкі көлік жолдарының 4 шақырымға жуығы жөнделмек. Бүгінгі күнге дейін жұмыстың басым бөлігі аяқталуға жақын. Мысалға, мына участкелік жолдың 940 метр аумағына толықтай асфальт төселуде.

Ілияс ОҢАЛБАЕВ, учаске бастығы:

-11 адам еңбек етудеміз. Асфальт екі қабат қалыңдықта жатыр. Кемінде 10 жылға жарауы тиіс. Мамырда  басталды, шілдеде аяқтаймыз.

Есембай САҒЫНДЫҚОВ, Қаражал қаласының тұрғыны:

-Бұрын көше жолдарымен жүрудің өзі қиын болатын. Қаражал қаласы әкімдігіне алғысымыз шексіз. Көлік жолымен қатар, жаяу жүретін жолдардың қосымша салынуы қатты қуантты.

Сондай-ақ, қаладағы 18 шақырым жол аумағына жол белгілері орнатылған. Ал, жөндеуден өтетін ішкі көлік жолының көлемі 2200 шаршы метрді құрайды.Тіпті, жаяу жүргіншілер жолының да құрылысы қызу жүргізілуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Қаражал қаласында жөнделіп жатқан жол құрылысы жұмыстарына республикалық бағыттағы жолдарды салуға қолданылатын немістің озық технологиялары қолданылуда. Төселген асфальт биіктігі 10 сантиметр, ені 6 метр болатын жолды мердігер компания өкілдері кемінде 10-15 жылға шыдайды деп сендіруде. Жоспар бойынша жол толықтай аяқалған соң, жол жиектеріне шарық шамдары орнатылып, қала келбетіне көрік бермек.

Қала басшылығы көшелерді жарықтандыру мәселесіне де жіті көңіл бөлуде. Былтырдың өзінде шығынсыз, қуат көзін үнемдейтін 188 жарық шамдары орнатылған. Биылғы жоспар толығымен орындалса, Қаражал қаласының қараңғы көшелері тұрғындар үшін жарқырай түседі.

Нұрсұлтан САУЫТБАЕВ, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

-Биыл 200 жуық светильниктер орнату жоспарда бар. Басым бөлігі жарық бұрын соңғды болмаған жерлерге қойылады. Барлық жұмыстар күнделікті бақылауға алынады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Сондай-ақ, Қаражал қаласында соңғы 20 жылдан бері қаңырап тұрған үш қабатты тұрғын үй «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалыпқа келтірілуде. Ол үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталып, 34 баспана әлеуметтік жағынан аз қамтылған және үй кезегінде тұрғандарға берілмек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар