ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

18:32, 9 мамыр 2019

Ұлы Жеңіс мерекесі атаулы күн ретінде ерекшелене беретіні сөзсіз. Сұрапыл соғыста ел-жерді қорғаған батырлардың ұрпағы мұны жадыларында ұстайды. Қарқаралы ауданында даҰлы Жеңіс мейрамына арналған мәдени-көпшілік және спорттық шаралар өтті

9 мамыр күні аудандағы  Орталық саябақтағы «Азалы ана» ескерткішінің алдына ұлы отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерлердің құрметіне арналып  гүл шоқтары қойды.Салтанатты шарада  жиналған қауымды   аудан әкімі Халел МақсұтовҰлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Халел МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі:

-Тарихтың қатпар-қатпар беттерінен ерекше орын алған сұрапыл соғыс батырларына, жеңіс жолында жанкештілік көрсеткен халық ерлікгіне тоқтала өтіп» Батыр ата-әкелеріміз бен ана-әжелеріміздің есімін құрметтеп, ардақтау – біздің перзенттік борышымыз.

Ұлы Отан соғысының ардагеріне, тыл ардагерлеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, Ауған соғысы қатысушыларына, Чернобыль АЭС-дегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан жауынгерлердің отбасыларыларына  аудандық бюджеттен біржолғы ақшалай көмек көрсетілді

Аудандық мәдениет үйінде театрландырылған мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Табиғат аясында тігілген әскери палаткаларда ардагерлер «солдат ботқасының» дәмін татты.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар