ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ. САЙЛАУ – 2019

17:38, 9 маусым 2019

Қарқаралы ауданындағы дауыс берушілер де таң атпастан өз таңдауын жасауға асықты. Аудан бойынша сайлау учаскелері сағат жетіден бастап есіктерін айқара ашты

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Әдетте қарқаралылықтар қорадағы малын таңғы уақыт шамамен 7,30 дан кейін шығаратын. Бүгінгі президенттік сайлауға орай, аудан жұрты сиырын табынға, қойын өріске таңғы алтыдан бастап жібере бастады. Осылайша, қарқаралылықтар саяси науқанда өз таңдауларын жасауға бір кісідей кірісті.

Аудан жұрты мен ауылдағы ағайын бүгінгі кезектен тыс Президенттік сайлауды айрықша ықыласпен қарсы алды. Таңсәріден сайлауға асыққандардың бірі Ойрат Шубаевтың жанұясы. Зейнет жасындағы отбасы иелері үшін  әрбір саяси науқанның маңыздылығы жоғары. Оның ішінде, Ел Президенттігіне үміткерлерді дұрыс таңдауға аса зор жауапкершілікпен қарайды.  

Барлық жақындары мен қатар көрші-қолаңды да өз таңдауларын білдіруге  шақырған Ойрат Шубаев  сайлауға қатысу азаматтық парыз деп біледі. Жұбайымен таңсәріден №567 сайлау участкесіне келіп, ашық әрі әділ түрде өздері қалаған үміткерге дауыстарын берді. 

Гүлжиһан ӘМЕНҚЫЗЫ, аудан тұрғыны:

-Бәрі өз таңдауын жасауда. Біз де өз таңдауымызды жасадық. Еліміз қашанда биікке өрлей берсін.
Саяси науқанға алғашқылардың бірі болып келген Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовта өз таңдауын білдірді Аудандағы, бір ғана №567 сайлау участкесінің өзінде 2000 астам адам дауыс беруі қажет болса, небәрі 1 сағаттың ішінде 500 астамы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Дауыс берушінің  әрбір сәттін  байқаушы тарап мүлт жібермей қадағалап отыр.

Айдар САТЫБАЛДИН, Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Ауданда 1 аумақтық 49 сайлау участкесі жұмысын бастады. Аудан бойынша 22 мыңнан астам адам дауыс береді. әрбір дауыс беретін орындар материалдық-техникалық қажеттіліктермен толықтай қамтылған.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қарқаралы ауданы бойынша 49 сайлау участкесі  сағат сегізге дейін жұмыс істейді.   Кешкі беске дейін оның 70 пайызы қалаған үміткерлеріне дауыс берді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар