Қарқаралы ауданы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі кезінде туристерді қабылдауға дайын

17:40, 16 ақпан 2017

Аудандағы саяхатшыларға арналған 26 нысан қазірдің өзінде бір күнде 2500 адамға қызмет көрсете алады. Мұны Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туризмді дамытуға қолайлы 31 жер учаскесі  бар. Бүгінде  «ЭКСПО-2017» көрмесінде  туристерді тарту үшін туроператорлармен келіссөз жүргізілген. Нәтижесінде «Сарыарқаның інжу маржаны – Қарқаралы» маршруты бекітілді. Қазір демалыс үйлері қайта қалпына келтіріліп, заманауи талапқа сай нысандар салынуда.

Халел МАҚСҰТОВ Қарқаралы ауданының әкімі

Қарағанды-Қарқаралы жол аралығында орналасқан «Айса» шаруа қожалығының жер аумағында кемпинг құрылысының жобасы өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні  шаруа қожалық базасын дамыту жұмыстары жүргізілуде (электр желілері тартылған, қыстақ базасын қайта құру, қажетті құрал жабдықтар, құрылыс материалдары сатып алынған).

Журналистерді ауылдарда қалың қарды тазалау жұмыстарының қарқыны қызықтырды. Бұл бағытта 41 техника жұмылдырылып, басқа да шығын үшін  жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген екен. Қарқаралы қаласына бағытталған және ауыл аймақтар жолы да назардан тыс қалмады.

Агроөнеркәсіп кешенінің өнімін молайту мақсатында Қарқаралы ауданына биыл  460 млн. теңге бөлінген. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 3,5 млрд. теңгені құраған. «Алтай Полиметалы» ірі кәсіпорны іске қосылып,  «Өркен-Кентөбе», Қарағайлы байыту фабрикасы өз жұмысын қайта бастаған. Келесі жылы «Алайғыр» кен орнында полиметалдық кендерді өндіру және қайта өндеу»  кәсіпорнын ашу жоспарланып отыр. Құны 64,2 млрд. теңгені құрайтын жоба арқасында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақшы.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...