ҚАРДЫ ҚАШАН ТАЗАЛАЙСЫЗ?

16:11, 5 желтоқсан 2018

Ағаттық па, салақтық па? Шағын және орта кәсіп өкілдері өз ауласында жауған қарды тазаламауды әдетке айналдырған. Оның салдарын жол бойындағы жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері тартып отыр. Қыс маусымы басталғалы 15 кәсіп өкіліне 30 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл салығанымен, заңды елемейтіндердің қатары әлі де жетерлік.

Қыс қаһарына мінбей жатып ақ, қар мәселесі мына әкімдік мамандарының бас ауруына айналғандай. Нүркен Әбдіров көшесінің бойындағы бірқатар дәріханалар мен дүкен қожайындары екі қолға бір күрек алып, қар тазалау мәселесін тек осы мамандарды көрген кезде ғана кірісті.

Рымхан МҰСАЕВ, «Рассвет» ТКШ қызметкері:

-Козерогтағы қардыда тусеріп, жұмыс істеп жатырмыз. Әйтпесе кун жылығанда еріп құлайдығой.

Қаланың комуналдық қызметі қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қар артып жүйіткіген көліктер санкцияланған қар полигонына тазаланған ақ ұлпаны тасып әлек. Тек, жауапсыз жеке меншік кәсіп өкілдерінің шала ісі қаланың көркін қашырып, ыңғайсыздық тудырып тұрғаны қынжылтады.

Нұрлан РЫМҚҰЛҰЛЫ, компанияның шаруашылық меңгерушісі:

-Бізге де уақыт керек. Өздеріңіз көріп отырғандай жол бойы қар көп, камаздар бос емес. Қазір өз күшімізбен қар шығарып жатырмыз.

Әкімдік өкілдері алдымен ауызша ескерту жасайды. Құқық бұзу қайталанса, 30 АЕК тен 100 АЕК ке дейін айыппұл салынады. Мамандар мұндай шараға амалсыздан баруға тура келетіндерін айтады.

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА, Қазбек би ауданы әкімінің орынбасары:

-Біз бүгін ескерту жасаймыз. Егер 505 бап бойынша қайталаса онда айыппұл салуға тура келеді.

Қала тазалығына тұрғындар да атсалыса алады. Егер өз алаңына немқұрайлы қараған кәсіп өкілдерін байқасаңыздар аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желідегі парақшасына суреті мен мекен-жайын жазып, шағымдануға болады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

 Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...