Қаражал қаласында мемлекеттік қызметкерлердің жәрмеңкесі өтті

16:00, 7 желтоқсан 2017

Сан сала мамандары халықтың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, қызмет көрсетті. Яғни тұрғындар әр мекемеге сабылмай «Бір терезе» қағидасы бойынша жылдам, әрі нақты ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды

Қаражал қаласындағы халлыққа қызмет көрсету орталығы 18 мыңнан аса адамды  қабылдайды.  Ал жәрменкеде мұндағы мамандармен қатар жергілікті әкімдіктің бөлім басшылары осы жерден табылды. Тұрғындарды бұл күні: жер мәселесі, жәрдемақы алу,  тұрғын үй коммуналды шаруашылық,  жұмыссыздық  сияқты әлеуметтік саланың сұрақтары көп болды.

Оксана КАЛАШНИКОВА   жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

Қаражал қаласы аумағы бойынша 201 адам жұмыссыз бар. Олар біздің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп, жүгінеді. Біз қайытып оқу қажет болса курстарға жібереміз. Жұмыс болса еңбекке тартамыз. Бүгін жәрмеңкеде біз халыққа түсіндірдік. Тіпті тиісті мекмелерге жіберіп, жұмыс көзін тауып беруге тырысып жатырмыз.

Гүлнәр САҒЫНТАЕВА қалалық әкімдік апараты жетекшісінің міндетін атқарушы

Көбінесе бізге Жәйрем кентінен келеді. Солардың жағдайын жақсартайық деп, кез-келген маманды таба алмай жүреді. Сондықтан бір жерден тауып, бір жерден мәселені шешшін деген мақсатта өткізіп отырмыз.

Көкейкесті сұрағына жауап алғанның бірі - Айсұлу Тілегенова. Ол немересін балабақшаға орналастырғысы келеді. Бұл бағытта қандай құжаттар жинап дайындалу керектігін нақтылады. Қазір балабақша  тізімде 33 ші болып тұр екен. 2018 жылдың жаз айларында  немересі мектептке дейінгі мекемеге қабылданатынын біліп,  қуанып қайтты.                                                                                    

Айсұлу ТІЛЕГЕНОВА Қаражал қаласының тұрғыны

Мұндай жәрмеңке халыққа тиімді әрі маңызды. Бұрындары әрбір мекмелерге барып, сұрақтарыызға жауап іздеп жүретін болсақ, қазір міне барлық маман бар.

Жәрмеңке барысында мемлекеттік қызметкерлермен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарыжергілікті тұрғындарды Egov.kz порталымен қалайжұмыс жасау керектігін  үйретті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар