Қаражал қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

22:16, 6 желтоқсан 2017

Бір ғана Жәйрем кентінің өзінде «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-ның және жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 10-ға жуық жоба жүзеге асырылыпты. Ал латын ғаріпіне көшу бойынша мамандарды оқыту шаралары қолға алынған

Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасының игілігін көргеннің бірі Жәйрем кентіндегі №11 орта мектептің ұжымы. Ғимарат 2007 жылы салынса да, қабырғасының  сылағы түсіп қалған.  «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ  қаржы бөліп, толықтай нысанның сыртын қайта қалпына келтірген. Қосымша оқу орнының аумағын темір шарбақпен қоршап, балалар алаңын салып берген.

Нұрағали ӨМІРБЕКОВ мектеп директоры

Міне осындай жұмыстар жасап, мектепке қолдау жасап, Елбасының арқасында комбинаттың арқасында, Рухани жаңғыру  бойынша лсындай үлкен еңбектер  жасап жатыр. Ескі Жәйрем кентінің тұрғындары, ауыл азаматтары, оқушылар Елбасының осындай дәрежеде қолдап отырғанына рахмет айтамыз.

Бұл мектеп оқушылары үшін нағыз сый болды,- дейді ұстаздар. Мұнда қазір  175 бала білім алуда. Келешекте «Рухани жаңғыруға» байланыстыЖәйрем кентінде  2 футбол және 5 балалар алаңдары пайда болады. Осындағы аурухана, полиция бөлімі, жергілікті әкімдік ғимараттары қайта қалпына келтірілмек. Бұдан бөлек  Қаражал қаласының әкімдігі латын ғаріпіне қатысты көше атауларындағы жазулар мен құжаттар жұмыстары қолға алынуда..  Қазір мамандарды оқыту шаралары басты назарға қойылған.

Гүлнұр САТАНОВА Қаражал қаласы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі

Біз бұл бағытта Қаражал қаласында бірқатар іс-шаралар болашақта жүзеге асырылады. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарағанды қаласына барып, оқытушыларды жібереміз. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында барлық мемлекеттік орган қызметкерлері оқытылатын болады.

Қаражал қаласының  әкімдігі ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай тұрғындарға тағы бір тосын сый жасады.  Орталық көшеде   «Жан жүрегім Қаражал» деп латынша  жазылған инсталляция пайда болды. Бұған жергілікті қазынадан 2  млн теңге қаржы бөлінген. Қазір қала жастары мен қыдырып келген қонақтар осы жерде суретке түсіп, жаңашылдыққа дән риза болып жүр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...