ҚАРАУСЫЗ БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

16:59, 29 маусым 2020

Өткен жексенбіде 7 жасар бала құтқарылды

Түнгі сағат 23-тер шамасында 7 жасар бала Теміртау қаласындағы Уәлиханов көшесіндегі   екі қабатты нысаннның екінші қабатында қалып қояды. Бұл ғимарат  9 қабатты тұрғын-үйге жапсарлас орналасқан.Құтқарушылар арнайы саты арқылы көтеріліп,екінші қабаттың терезесінен баланы сыртқа алып шыққан.Ол бос тұрған ғимаратта үлкендердің қарауынсыз қалып, қойған.

Мұрат ҚАТПАНОВ, Қарағанды облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

-Бұл ақпаратты бізге кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі жеткізді.Содан кейін барып, біздің құтқарушыларды шақырды,Бала аман –есен құтқарылды.Ол үйде ата-аналардың қарауынсыз  жалғыз қалған.Әке-шешелері кешігіп келді.Осы тұрғыда біз аймақ тұрғындарын тағы да ескертуге мәжбүрміз.Балаларды жалғыз қараусыз қалдырмаулары қажет дер, едім.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар