КАРАНТИННІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ

17:19, 2 шілде 2020

Елімізде екі апталық карантиннің талаптары бекітілді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында жаңа шектеулер белгілі болды

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың саны да күн санап артуда. Биліктегілер талап пен ережені ескертіп, халықты әлі де сақтық шараларын күшейтіп, жауапкершілікпен қарауға шақыруда. Нәтижесінде, Қазақстанда бесінші шілдеден бастап екі апталық жаңа карантин енгізіледі, қажет болған жағдайда карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Мемлекеттік комиссияның отырысында 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша шектеу шаларарын енгізуге шешім қабылданды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облыс аралық қоғамдық көліктердің жұмысы осы кезеңде уақытша тоқтағанымен, жеке көліктер санаулы адаммен қатынауға мүмкіндік барын алға тартты. Қоғамдық көліктердің жұмысын уақыт бойынша шектеуде қарастырылған.  Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 10 адам және пневмониядан 20 науқас қайтыс болған. Дегенмен, әлеуметтік желілердегі расталмаған бейресми ақпараттарға сене бермеу керек деген Ералы Тоғжанов, тіпті, дәрі-дәрмек бағасын көтеріп, қиын кезеңді сауда саттыққа айналдыру, жекее басының пайдасын табуды көздегендер көзге түссе бірден арнайы органға хабарласуды сұрады.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Көлік қатынасы бойынша елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау, өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау белглң шектеулер арқылы.  Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату мен қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу де қамтылуда.

Комиссия шешімімен бірқатар нысандар толығымен жабылады. Олар сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, барлық мәдениет нысандары  конференциялар секілді кісі көп жиылатын мекемелер жұмысы уақытша шектелмек. Ал, медицина орталықтары алдын ала жазылу бойынша,  дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен ашық базарлар, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары жұмысы арнайы тәртіппен жалғаса бермек.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық арасында қызу талқыға түсіп отырған дәрі жетіспеушілігі жөніндегі пікірге тоқталып, 15 шілдеге дейін жалпы көлемі 1 миллион данадан астам  дәрі шетелден әкелінетінін жеткізді.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-  Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жақсармаған жағдайда  аталған шектеу шаралары ұзартылуы немесе қатаңдатылуы да мүмкін.   Ал мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қызметкерлері, кемінде 80 пайызы  қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс.

Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат етілгенімен, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, гүлзәрларда 3 адамнан артық серуендемеу тәртібін сақтау қажет. Ал, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу әлі де жалғаса түспек. Тұрғындар тарапы да қабылданған шешім арқылы елдегі қауіпті пандемияның таралуына тосқауыл қою мүмкіндігі артарына сенімді.

Ерік МЕҢСЕЙІТОВ, Қарағанды қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

-Шешімді қолдаймын.

Татьяна ЗЕЛЕНАЯ, қала тұрғыны:

- Әрине, уақытында шара қолданбаса ауру асқынып, көп адам әлі де ауыруы мүмкін. Сондықтан карантиндік шектеу арқылы мәселе толық шешілмесе де, алдын алуға мол мүмкіндік.

Тікелей эфирде өткен брифингте, елдегі өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1509 жаңа жағдайы тіркелгені де айтылды.  Оның ішінде, Қарағанды облысында - 97 жайт. Жалпы республикада «Ковид-19» ауруына шалдығудың 42 574 жағдай расталса, оның ішінде 4936 - Қарағанды облысында орын алған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар