КАРАНТИН ЖЕҢІЛДЕТІЛУІ МҮМКІН

13:02, 29 шілде 2020

Елімізде тамыз айының үшінен бастап,карантиндік шараларды жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді

Бірінші кезекте халық қатаң санитарлық талаптарды сақтап, бетперде тағып, әлеуметтік арақашықты ұстануы шарт.Егер инфекцияның  репродуктивтік деңгейі едәуір төмендеп, ауруханалардағы  төсек -орындар  70 пайызға босап,өлім-жітім саны сейілсе жеңілдік енгізіледі. Бірақ, бұл күллі  қоғамдық нысандар жұмысына қатысты емес.Сауда үйлері, жабық базарлар мен сауда-ойын сауық орталықтарының қызметіне рұқсат берілетін болады.Балалар үйірмелері мен коррекциялық орталықтар да белгілі шектеулермен жұмыс істейді.Ал сұлулық салондары мен шаштараздарға алдын ала жазылу арқылы баруыңыз керек.Мемлекеттік қызметкерлер мен кеңсе мамандарының 80 проценті  қашықтан қызметін жалғастыра береді.Дегенмен таза ауада спортпен айналысуға ешқандай тыйым салынбайды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар